Израильдегі ғимаратқа жасалған зымыран соққысынан 30 шақты адам жарақат алған (видео)
Опубликовано:
Читать на русском
Бүгін, 13 наурызда Израильдің солтүстігіндегі ғимаратқа жасалған зымыран соққысының салдарынан ондаған адам жарақат алған, сондай-ақ өрт шыққан, деп хабарлайды CNN арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Басылымның израильдік өрт сөндіру-құтқару қызметі берген мәліметтерге сілтеме жасап жазуынша, бүгін таңертең Зарзир қаласындағы ғимаратқа зымыран тиген. Шабуыл салдарынан бірнеше үйге зақым келіп өрт шыққан, өртті құтқарушылар сөндірген.
BREAKING: Footage from the scene of a direct missile strike on a building in Zarzir, in the Galilee region of northern Israel. pic.twitter.com/lhnzUBGfAc
— World Source News (@Worldsource24) March 13, 2026
Израильдің жедел әрекет ету қызметінің мәліметінше, медицина қызметкерлері шамамен 30 адамға көмек көрсетіп жатыр, олардың дені жеңіл жарақат алған.
Жараланғандардың арасында арқасына жарықшақ тиген 34 жастағы әйел мен жарықшақтан жарақат алған 17 жастағы қыз бар. Олар ауруханаға жеткізілген.
İsrail’in kuzey bölgesinde bulunan Zarzir’de en az 30 kişi yaralandı
— קול ישראל / İsrail'den Haberler (@kolisraelmedia) March 13, 2026
pic.twitter.com/S2uxYajPtE
Оқиға Израильдің солтүстігінде сирена қосылғаннан кейін және Израиль әскерилері Ираннан ұшырылған зымырандарды анықтағанын мәлімдегеннен кейін болған.
Бұған дейін Иран Израильге қарай зымырандардың кезекті легін ұшырғанын, сол уақытта "Хезболла" да Ливанның оңтүстігінде шабуыл бастағанын мәлімдеген. Бұл туралы IRIB мемлекеттік телекомпаниясы хабарлады.
A rocket from Lebanon struck a building in the Arab town of Zarzir, near Nazareth, northern Israel.
— Breaking News (@TheNewsTrending) March 13, 2026
Over 30 people were injured in the attack, including one woman in moderate condition and others with light injuries from glass shards and acute anxiety. pic.twitter.com/ou5IteYaVM
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/world/2353367-izraildegi-gimaratqa-zhasalgan-zymyran-soqqysynan-30-dan-astam-adam-zharaqat-aldy-video/