Иран Ресейден көмек сұрады
Опубликовано:
Читать на русском
Ресей Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарова брифингте Иран Ресейден гуманитарлық көмек сұрағанын мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РБК-ға сілтеме жасап.
Захарованың айтуынша, ислам мемлекеті Ресейден, сондай-ақ басқа да достас елдерден көмек сұрап жүгінген.
Қазіргі уақытта Ресей Федерациясы гуманитарлық көмек жеткізумен айналысып жатыр.
"Көптеген ауруханалар мен жедел жәрдем станцияларының қирауына және жаралы адамдардың, оның ішінде балалар мен әйелдердің көп болуына байланысты Иран тарабы достас мемлекеттерге, соның ішінде Ресейге дәрі-дәрмек туралы өтінішпен жүгінді.
"Ресей Федерациясы президентінің нұсқауы бойынша біздің елімізден Иран халқына тиісті гуманитарлық көмек жеткізу ұйымдастырылуда", - деді Захарова.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/world/2353389-iran-reseiden-komek-surady/