jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Иракта америкалық ұшақ апатқа ұшырады (видео)

Әскери ұшақ
Әскери ұшақ. Көрнекі фото: pixabay.com

АҚШ Орталық қолбасшылығы Иракта жанармай таситын америкалық ұшақтың апатқа ұшырағанын растады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ведомствоға сілтеме жасап.

Қолбасшылықтың хабарлауынша, оқиға АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы "Эпикалық қаһар" операциясы кезінде достас елдің әуе кеңістігінде болған.

"Құтқару жұмыстары жалғасуда. Оқиға екі ұшаққа қатысты болды. Біреуі Ирактың батысында апатқа ұшырады, ал екіншісі аман-есен қонды" - делінген мәлімдемеде.

Ведомстводағылар ұшақты ешкім атып түсірмегенін алға тартты.

CNN өз дереккөздеріне сілтеме жасап, ұшақта бес адам болғанын хабарлады. Олардың тағдыры әлі белгісіз.

Иракта америкалық ұшақ апатқа ұшырады (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.