jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Әзіл өнеріндегі алғашқы ұлттық жоба «Бурабай Әзіл-Фест» басталды

: UGC

31-арна 13-қыркүйектен бастап «Бурабай әзіл-фест» атты әзіл өнерінен алғашқы ұлттық жобасының көрсетілімін бастайды.

31-арна өнер әлемінің майталмандарын «Rixos Borovoe» қонақүйіне жинады. Фестивальдің қатысушылары арасында танымал әртістермен қатар, өнер шыңын бағындыруға талпынған жастар бар. 16 топ өзара «Үздік театр», «Үздік стендапшы», «Үздік қойылымдар театры» (СТЭМ), «Үздік пародия», «Үздік импровизация», «Үздік музыкалық номер» номинациялары үшін бәйгеге түседі.

Байқау шарттарына сәйкес қатысушы топтар әзілдің түрлі жанрларында бақ сынасады. Олардың өнерін отандық шоу-бизнес өкілдерінен құралған қазылар алқасы бағалайды. Арнайы шақырылған қонақтар қатарында сықақшылар Уәлибек Әбдіраимов, Жүсіп Ақшора, Бауыржан Ибрагимов; Данагүл Темірсұлтанова, Асылбек Боранбай, Нұржан Тутов, сатириктер Көпен Әмірбек, Толымбек Әлімбектер, «Жайдарман» КВН лигасының басшысы Есен Елеукен, актриса Лидия Каденовалар бар. Фестиваль жетекшісі - Алмат Сақатов.

Қатысушылармен қатар бір сахнада «ТТТ», «Алдараспан», «Екі езу», «Керемет», «Лимон шоу», «Нысана», «Тамаша», «Шаншар», «Шымкент шоу» театрлары және «Назар аудар» КВН командасы өнер көрсетеді.

Жобаның жүргізушілері - «Turkvision 2015» халықаралық ән байқауының жеңімпазы, әнші – Жанар Дұғалова, әнші, актриса Айгүл Иманбаева, шоумендер Дәнекер Оразбай мен Нұрдаулет Шертім.

«Бурабай Әзіл-Фест» — күтпеген қызықты сыйлықтар мен күлкіге толы әзілдің мерекесі.

Әзіл өнерінің алғашқы ұлттық жобасының көрсетілімі – 13-қыркүйек күні басталады.

Толық ақпарат алу үшін:

Алматы қ. Тәжібаев көш. 155

Тел/факс: +7(727)3152940 (ішкі 4095) Айгерім Төлепберген Е-mail: a.tolepbergen@31.kz

*PR құқында

Әзіл өнеріндегі алғашқы ұлттық жоба «Бурабай Әзіл-Фест» басталды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.