Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

АҚШ-та оқушыларымен жыныстық қатынасқа барған мұғалімдер ұятқа қалды

Жарияланған күні:

АҚШ-тың Луизиана штаты, Кеннер қаласындағы мектептердің бірінде сексуалды сипатта жанжал көтерілді.

 

Бұл туралы «Вести.Ru» хабарлады деп жазады ras.kz.

Мұнда бірі 25-тегі, екіншісі 33-тегі екі мұғалім әйелге мектепте оқитын 16 жастағы  баламен топтық сипатта секс әрекетін жасады деген айып тағылып жатыр.

«Америкалық әйелдерге 1 жылдан 10 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылу қаупі төніп тұр. Олардың әрбіріне 500-ден 5 мың долларға дейін айыппұл салынады», - деп жазады The New Orleans Advocate.

Қазір бұл мұғалімдердің кәмелетке толмаған жасөспіріммен 2014 жылғы тамыз және қыркүйек айларында екі рет топтық секс ұйымдастырғаны белгілі болып отыр. Ал топтық секс сеансын ұйымдастырғанға дейін оқытушы әйелдер өздерінің бұл оқушыларымен жеке-жеке қалып көрген.

Мектеп басшылығы аталған жайдан 16 жастағы оқушының сыныптастары алдында өзінің «ерлігін» айтып, мақтанғанынан кейін хабардар болған.

Бір қызығы, жанжалға ілігіп отырған фигуранттардың бірі бұдан бұрын да тап осындай қылмыспен айыпталған екен. Оған енді 10 жыл бас бостандығынан айрылу және 5 мың доллар айып төлеу қаупі бар.

Екінші әйел 1 жылға дейін түрмеде отырып, 500 доллар шамасында айыппұл төлеумен шектелетін шығар.

Бұдан бұрын АҚШ мектептерінің бірінде ағылшын тілінен сабақ беретін Брианна Алтиске үш жасөспіріммен жыныстық қатынасқа барғаны үшін 30 жыл түрме жазасы белгіленгені хабарланған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/990900-aqsh-ta-oqushylarymen-zhynystyq-qatynas-2/