RU
Секспен дәл қазір айналысу үшін 10 себеп

Секспен дәл қазір айналысу үшін 10 себеп

Рассказать Вконтакте

Сексті барлығымыз жақсы көреміз. Алайда, түрлі сылтаулар тауып, бас тартатынымыз өтірік емес. "Шаршадым", "басым ауырып тұр", "секспен жиі айналысуға болмайды" деген себептерді айта отырып, төсек қатынасының жағымды жақтарын елемей қаламыз. Comode секстің он жағымды әсерін тізбектеді.

1. Керемет антидепрессант

Тығырыққа тірелгенде психолог маманға жүгірмес бұрын, секспен айналысып көріңіз. Жыныстық қатынас кезінде ағзада эндофиндер, яғни қуаныш гормондары мен окситоцин бөлінетіні дәлелденген. Ол гормондарды "махаббат гормондары" деп атап кеткен. Сонымен қатар, жыныстық қатынас стресс гормондарының бөлінуіне уақытша тосқауыл қояды.

2. Жаттығу залына бармай-ақ шынығу

Бір сапалы жыныстық қатынас спорт залына барып жасаған жаттығумен тең. Шынымен де, секспен айналысу барысында дене мүшелерінің барлығы қимылдап, калорий саны азайып, тыныс алу мүшелері белсенді жұмыс жасайды. Бір жыныстық қатынас барысында 300-ге дейін калорий жоғалту мүмкін. Бұл жарты сағат жүгіргенге тең.

3. Суық тиюді алын алу

Секспен жиі айналысу А иммунглобулинның мөлшерін көбейтіп, суық тию және басқа да аурулардан ағзаны қорғайды. Басқа сөзбен айтқанда, секс иммунитетті көтереді. Дәрумендерді ішкеннен әлдеқайда артық, солай ғой?

4. Қарым-қатынасты нығайту кепілі

Жолдасыңызбен қарым-қатынасыңыз суып бара жатыр ма? Бұл жағдайда да сізге секс көмектеседі. Жоғарыда айтылған окситоцин гормоны адамдардың бір-біріне деген сенімділік сезімінің күйшеюіне әсер етеді. Сол себептен, көптеген отбасылық кикілжіңдер ұйықтайтын бөлмеде оңай шешіледі.

5. Тәтті ұйқы

Секс ұйқыны реттейді. Және ұйықтауға көмектесетін арнайы дәрілерге қарағанда, оның жағымсыз әсері жоқ. Жақсы секстен кейін "ұйқым қашып кетті" деген әңгіме болмайды.

6. Ұзақ өмір мен жастық шақты сақтап қалу

Эдинбург ауруханасының психолог маманы Дэвид Уикс жылдар бойы жыныстық қатынаспен жиі айналысатын жұптарды зерттеу барысында олардың секспен сирек айналысатын адамдарға қарағанда өз жасынан 4-7 жылға жас көрінетінін анықтаған екен. Яғни, олардың өмір сүру ұзақтығы да артық болады.

7. Ауруды басу әсері

Түрлі зерттеулердің нәтижесінде жыныстық қатынас денедегі аурудың белгілерін басатыны анықталды. Жыныстық қатынас кезінде бөлінетін эндорфин адамның миына "бәрі жақсы" деген белгі жібереді. Сондықтан, келесі кезде бас аурын сылтауратпай, секстің осы жағымды әсерін еске алыңыз.

8. Секс бақыт сезімін сыйлайды

Американдық ғалымдардың зерттеуі бойынша, жыныстық қатынас ақшалай сыйақы алғанмен бірдей сезім тудырады. Сексуалды ләззат адамды бақытты, бай, қуатты етіп сезінуге көмектеседі.

9. Адамның өз-өзін бағалауын жоғарылатады

Әр адам өзінің әдемі, тартымды және өзге адамға керек болғанын қалайды. Сексуалдық контакт адамдардың өз-өзін бағалауын жоғарылатады. Бір сапалы секс мың жылы сөзден артық!

10. Ойлау қабілетін арттырады

Жыныстық қатынас ми құрылысына да әсер етіп, адамның ойлау қабілетін арттырады. Сондықтан, күрделі жобаға кіріспес бұрын, жыныстық қатынасықа түскен дұрыс.

Тағы да оқыңыздар:

Алматылық келіншек отбасы қаржысын үнемдеудің сырын ашты

Жыныстық қатынас қаншалықты жиі болуы керек?

Ислам дініне сәйкес баланы қалай тәрбиелеу керек?

Бала көтеруге көмектесетін тиімді позалар (+18)

Күйеуіңіздің көңілін таба аласыз ба?

Сіздің реакцияңыз
11
77
4
2
0
113
13
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel