Ұлттық бюро: Бишімбаев 1 миллиард теңге жымқырған
Жарияланған күні:
Бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев Қызылорда қаласындағы шыны зауытының құрылысына бөлінген 1 миллиард теңге қаржыны жымқырған деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының баспасөз қызметіне сілтеме жасап NUR.KZ.
Бәйтерек "ҰБХ" Басқарма төрағасы Қуандық Бишімбаев Қызылорда қаласында табақ шыны өндіру және қайта өңдеу зауытының құрылысынан Orda Glass ЖШС және оның мердігер ұйымы "Шымкентхиммонтаж" ЖШС арқылы 1 миллиард теңге жымқыру бойынша қылмыстық жоспар құрған.
"Қылмыстық жоспарға осы аталған ұйымдардың жетекшілері Д.Ибрашев, Ж.Исабек және М.Қожабаев тартылған", - делінген хабарламада.
Ұрланған қаржы "Завод строительных металлоконструкций" ЖШС компаниясы арқылы жұмысшылардың жатын орны мен тамағына деп қолма-қол ақша ретінде алынып отырған.
Ведомствоның хабарлауынша, Бишімбаев көрсетілген сомадан жеке өзіне 2 млн АҚШ долларын сыбайлас інісі С. Нұрлыбек арқылы алған.
Ж.Исабек, М.Қожабаев және С. Нұрлыбекке қатысты сот үкімімен қамауға алу шарасы қолданылды. Д. Ибрашев өз кінәсін мойындап, тергеу жұмысына көмектескені ескеріліп, үйқамаққа алынды.
Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.
Тағы оқыңыздар:
ОҚО-да жындармен сөйлесетін қария дүлей күшпен қалай күресетінін айтып берді (видео)
Ауылда от жағып, бала бағудан шаршаған ақтөбелік әжей үйінен безіп кетті (фото)
Астана билігі қала тұрғындарын дүрлікпеуге шақырды
Алматыдағы қате жазылған көше атауы белгілі продюсердің ашуын келтірді (фото)
Головкин-Сондерс жекпе-жегі Қазақстанда қашан өтетіні белгілі болды
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1407361-ulttyq-byuro-bishimbaev-1-milliard-tenhge/