RU
Әлемдегі ең қанішер әйелдер туралы не білеміз?

Әлемдегі ең қанішер әйелдер туралы не білеміз?

Рассказать Вконтакте

Ерекше қатыгездігімен тарих бетінде қалған нәзік жандылар туралы ақпаратты NUR.KZ порталы fishki.net сайтына сілтеме жасап назарларыңызға ұсынады.

Ольга ханым

Бұл әйелдің қатыгез болуына өміріндегі ауыр жайттар әсер еткен. Киев князі болған өмірлік жары Игорь Рюрикович өлтірілгеннен кейін Ольгаға барлық билікті өз қолына алуға тура келді. Ол күйеуін өлтірген древляндықтардың 20 елшісін тірідей көміп тастауды бұйырады. Олар Ольганы өз князьдері Малаға тұрмысқа береміз деген ниетпен келіп, өлім құшқан.

Ольга мұнымен тоқтамай, древляндардан ең мықты үйленген азаматтарын өзіне жіберуді бұйырады. Олар ханыммен кездеспес бұрын жиналып, моншаға түсіп жатқанда Ольга моншаны ішіндегі азаматтармен қоса өртеп жібереді.

Сондай-ақ, күйеуінің зиратында древляндықтарға ас берген ханым, оларды әбден масайтқаннан кейін өлтіруге бұйрық берген. Тарихи жазбалар сол күні бес мыңға жуық древляндық өлтірілгенін айтуда.

Ал древляндықтардың астанасы Искоростеняны жаулау кезінде ол сол маңдағы құстардың аяғына отқа оранған күкіртті байлап, қаланы түгелдей өртеп жіберген.

I Изабелла Кастильская

Кастилия мен Леон патшайымы Изабелла патша Арагонмен некесін қиып, Испанияның бір ел болып бірігуіне септік болады.

Католиктер дініне берілген патшайым өзге дін өкілдерін жек көргені соншалық, он мыңдаған өзге дінге берілген адамды тірідей өртеу жазасына кескен. Патшайым бұл қатыгез әрекетін жүзеге асыру үшін Томас Торвемада есімді азаматты инквизитор ретінде тағайындайды.

Ол Томас патшайымның бұйрықтарын бұлжытпай орындап, 100 мыңға жуық адамды өзге дінді ұстанғаны үшін түрлі азаптарға салып, жазалаған. Нәтижесінде 200 мыңға жуық араб пен еврей Испаниядан көшіп кетуге мәжбүр болды.

I Мария Тюдор

"Қанды Мэри" атымен танымал бұл әйелге өз туған елінде бірде бір ескерткіш қоймаған. Оның билік тұсындағы кезеңі қатыгездік пен қантөгіске толы күйінде есте қалды. Тіпті Марияның қайтыс болған күнін жергілікті халық мейрам ретінде тойлататын болған.

Мария Тюдор - ағылшын патшасы VIII Генрихтің қызы. Генрихтің қазасынан кейін Мария елін католиктік шіркеуге бағындыру үшін қарсы шыққандардың бәрін тірідей өртеп отырған.

Дарья Салтыкова

Бұл ресейлік ірі жер иеленуші әйел ел есінде қатыгез адам өлтіргіш ретінде қалды. Ол өз қол астындағы қыздар мен жігіттерді азаптап өлтіріп отырған. Ол шаруаларды аштан қатырып, үстеріне ыстық су құйып, қақаған аязда жалаңаш қоя беретін.

Кей кездері құрбандарының шашын өртеуді ермек еткен. Ақыры 138 шақты адамды өлтіргеннен кейін ІІ Екатерина оны сотқа тартуды бұйырып, сот бастапқыда Дарьяны өлім жазасына кеседі.

Алайда, кейін сенат пен императрицаның өзі оның жазасын жеңілдетіп, шенінен айырған. Ол өмірінің соңына дейін монастыр түрмесіне тоғытылу жазасына кесілді. Түрмеде 33 жылын өткізіп, 71 жасында қайтыс болды.

Цыси патшайымы

Император гаремінен патшайымға дейін көтерілген Цыси адамдарды азаптап өлтіруден ләззат алатын. Цыси өзіне бір түндік ләззат үшін жас жігіттерді әкелуін бұйырып, кейін оларды бірден өлтіріп отырған деген де сыбыс бар. Қытай тарихында Цыси қатыгез әйел ретінде ғана емес, нашар патшайым ретінде қалған.

Ол 50 жыл бойы барлық соғыстарда жеңіліс тауып, елдің жағдайын түсіріп жіберген. Ел қаражатын оңды-солды шашып, өз халқын аяусыз қырып отырған патшайым өлер алдында "ешқашан билікке әйел адамды жолатапаңдар" деп айтып кеткен деген де аңыз бар.

Эржебет Батори

"Қанды графиня" деген есіммен Венгрияда танымал болған Эржебет вампирлікпен әуестенген. Ол өз өмір жасын ұзарту үшін жас қыздардың қанымен толтырылған ваннаға шомылатын дейді көрген-білгендер. Алайда бұған қағаз жүзінде ешқандай дәлел болмаған.

Дегенмен графинянің 650-ге жуық адамды асқан қатыгездікпен азаптап өлтіргеніне нақты айғақтар бар. Ол адамдардың қолдарын өртеп, бет-жүздерін және өзге дене мүшелерін тістеп, жұлатын. Кейін суыққа тірідей шығарып немесе аштан қатырып өлтіретін.

Өкінішке орай, барлық дәлелдерге қарамастан, ол ауқатты отбасынан шыққанының арқасында сот алдына сол күйі келмеген.  Ал 1610 жылы Баториді сарайдағы бөлмеде қамап ұстап, графиня сол жерде төрт жылдан кейін қайтыс болады.

I Ранавалуна 

I Ранавалуна XIX ғасырда Имерина патшалығын иелік еткен. Күйеуі қаза болғаннан кейін ол таққа таласқандарды өлтіріп отырған. Осылайша бар билікті өз қолына алған әйел Мадагаскар халқының бестен бір бөлігіне тең адамдарды аяусыз қырып салады. Елден қашып үлгермеген шаруаларды ол азаптап, тірідей қайнатып, құздан лақтырып отырған.

Ранавалуна өз қоластындағыларының адалдығын у ішкізу арқылы тексеріп отырған. У себілген жаңғақты жегендер қандай да бар амалмен тірі қалып жатса, одан барлық айыптар алынып отырған. Осылайша 40 жыл билік еткен Ранавалуна тұсында 100 мыңға жуық адам уланып қаза болды. Бұл халық санының 20%-ын алатын.

Тағы оқыңыздар:

Көпшіліктің жүрегін елжіреткен атыраулық ғашықтардың махаббат хикаясы (фото)

Қайрат Нұртастың қарапайымдылығына тәнті болған Алтынай оның мақтауын асырды

Әулие Валентин күнін алматылық жастар қалай атап өтеді? (фото)

Алдағы бірнеше күн бойы елімізде суық ауа-райы сақталады

Отандық жұлдыздардың хан сарайындай зәулім үйлері

Сіздің реакцияңыз
92
14
44
7
0
7
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel