45 жасында тұрмыс құрған Гауһар Әлімбекова жігіттердің әлі де сөз салатынын айтты
Жарияланған күні:
45 жасқа келіп отбасылы болған танымал әнші, сазгер Гауһар Әлімбекова сүйген жарын қалай жолықтырғанын айтып берді деп хабарлайды NUR.KZ порталы. Өнер адамы күйеуімен танысу сәтінен бастап үйленгеннен кейінгі бақытымен Еуразия арнасының «Кешкі кездесу» бағдарламасында бөлісті.
«Кәдімгі қыз-жігіт секілді танысып, кездесіп, сөйлестік. Мен қазақтың қыздары секілді өтірік майысып, сызылып отыра алмаймын. Барлық жерде ашық-жарқын, әзілдесіп, сөзбен тиісіп, күлдіріп жүремін. Жолдасым да осы қалжыңбастығыма әзілмен жауап беріп, жақын тартты.
Бұрын «бір көргеннен-ақ ғашық болыпты» десе сенбейтін едім, бірақ мен ол кісіні бір көргеннен ұнатып қалғанымды сездім. Уақыт өте келе ол кісі қоңырау шалса қуанатын дәрежеге жеттім. Өзімнің де, ол кісінің мені де ұнататынын сездім. Бірақ сөз айтатын түрі жоқ. Өзім сөз салдырттым десем де болады», - деп күлді Гауһар Әлімбекова.
Әнші тұрмысқа шықса да бойдақ жігіттер сөз салуын тоқтатпайтынын айтты.
«Үйленген соң барлығына «тұрмыстамын» десем сенбейді. «Күйеуіңді көрсетші, өтірік айтып жатырсың» деп сұрайды. Қайсібіріне «міне күйеуім» деп көрсете беремін. Үйленгеніме сенбей тіпті жасы өзімнен кіші жігіттер сөз салды. Амал жоқ оларды телефон арқылы күйеуіммен сөйлестірдім. Содан кейін ғана тынышталды» , - дейді сазгер.
Қырықтан асқан шағында алғаш рет отау құрған әнші қазір өзін бақытты сезінетінін және өмірінің өзгергенін, қуанышты күндерінің көбейгенін айтты.
Сондай-ақ жолдасы өзімен түйдей құрдас екенін және оның бұрын үйленген немесе бойдақ болғанын білмейтін алға тартты.
Тағы оқыңыздар:
Атамбаев саяси ерлік көрсеткені үшін Қырғызcтанның батыры атанды
Әйгілі Томас Нойвирт "сақалды әйел" образымен қош айтыспақшы (фото)
Әділбек Ниязымбетовті алтыннан айырған кубалық боксшы спорттан кетті
Қабырғасы сынып, ауыр жарақат алған екі жасар сәби ауруханадан бір-ақ шықты
Тыр жалаңаш күйде метрода жыныстық қатынасқа түскен жұп жұрттың жағасын ұстатты
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1688971-45-zhasynda-turmys-qurghan-gauhar-alimbek/