RU

Астаналық әжелер төсек қатынасын үйрететін орталыққа көптеп баруда

Астанада қыз-келіншектерді төсек қатынасының қыр-сырын үйрететін орталыққа келушілердің көбі 30 жастан асқан әйелдер. Тіптен 60-ты алқымдаған ақ жаулықты аналар да орталықтың қонағы болып, түрлі айла-тәсілдерді үйренуге ниет танытады екен.

Бұл туралы "Еуразия" арнасында айтылды.

Төсек қатынасын қыр-сырын үйрететін мектепке немересі бар 60-тан асқан әжелер көптеп келуде
Төсек қатынасын қыр-сырын үйрететін мектепке немересі бар 60-тан асқан әжелер көптеп келуде: UGC

Ер-азаматтарды елітіп, баурап алу "өнерін" немере бағып отырған әжелер де меңгеруге ұмтылатын көрінеді

"Негізінен 30 дан асқан қыз келіншектер келеді. 55-57 жастағы әйелдер де бар. Мәселен, біздің орталыққа 62 жастағы үлкен кісі келді. Ол өз өмірін өзгерткісі келетінін айтты. Сондай жандарды көргенге қуанамыз. Тұрмыс құрмаған жас қыздар да баршылық. Олар отбасын құрмай жатыр, еркектерді айналдырудың барлық жолдарын үйренеді. Осылайша қыздар, қателіктерді жібермейді", - дейді Астанадағы "Гейша" мектебінің жетекшісі Айжан Әліқұлова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1716052-astanalyk-zeler-tsek-katynasyn-jretetin-ortalykka-kptep-baruda.html