Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қыздарша боянып жүретін қазақ жігіт ел алдына шығып, сұлулығын көрсетті (фото)

Опубликовано:

Қыздарша боянып жүретін қазақ жігіті Әділ Хэйс "Евразия" арнасының "Әйел сыры" бағдарламасына қатысып, алғаш рет ел алдына шықты. Ол ерке-азаматтың боянуы туралы өз ойымен бөлісіп, "ер адам маймылдан сәл әдемі болса жеткілікті" дегендерге жауап берді деп хабарлайды NUR.KZ.

Қыздарша боянып жүретін қазақ жігіт ел алдына шығып, сұлулығын көрсетті (фото)
Қыздарша боянып жүретін қазақ жігіт ел алдына шығып, сұлулығын көрсетті (фото): UGC

Әділ алғаш рет косметиканы 16 жасқа келгенде пайдалана бастаған. Оның айтуынша, оның анасы да ұлын барынша қолдап, еш қарсылық танытпаған.

Ер-азаматтардың косметика қолдануында тұрған ешқандай сөкеттік жоқ деп санайтын Әділ бұл тұста ерлер де әйелдер сияқты өзін өзі күтіп, бет-әлпетіне назар аударған жөн деп есептейді.

"Мен ерлер тарапынан көптеген түсініспеушілікке тап болдым. Тіпті кейде әйелдер де түсінбей жатады. Боянып алған еркек оларға жабайы сияқты көрінеді. Жігіттер де әдемі әрі стильді киініп, өздеріне қарауы тиіс. Кей адамдар мені гей деп ойлайды. Тіпті көгілдір жігіттер менің парақшама көптеп жазыла бастады. Менің шығармашылығыма назар аударып, жақсы пікірлер жазатын жігіттер де жоқ емес, бірақ олар өте аз. Бұл - менің өмірім, мен неге өзіме ұнайтын нәрсемен айналыспауым керек? Сіздер ойыңызға келгенін істейсіздер, сонда маған болмай ма?!", - деп наразылығын танытты ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1718331-kyzdarsa-boanyp-zretin-kazak-zigit-el-aldyna-sygyp-slulygyn-krsetti-foto/

pixel