Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жезөкшелерге қамшы ала жүгірген Жан Ахмадиевке өнер иелері қарсы шықты (фото)

Опубликовано:

Күні кеше көшедегі жеңіл жүрісті қыздарды сабап, елге үндеу жолдаған Жан Ахмадиевке өнер иелері қарсы шықты деп хабарлайды NUR.KZ

Жезөкшелерге қамшы ала жүгірген Жан Ахмадиевке өнер иелері қарсы шықты. Фото: NUR.KZ
Жезөкшелерге қамшы ала жүгірген Жан Ахмадиевке өнер иелері қарсы шықты. Фото: NUR.KZ: UGC

Заманауи жыраудың ісін сынағандардың алғашқылары Айжан Байзақова болды. Ол Ахмадиевке «Тек әйелдерге күшің жетеді. Мықты болсаң, қыз зорлағандар мен Шымкенттегі жеті жасар баланың ісіне кінәлілерді саба», - деп жазды.

Жезөкшелерге қамшы ала жүгірген Жан Ахмадиевке өнер иелері қарсы шықты (фото)
Жезөкшелерге қамшы ала жүгірген Жан Ахмадиевке өнер иелері қарсы шықты (фото): UGC

Ал Ахмадиев бұл істі де жасай алатынын мәлімдеді.

Өнер иелерінің арасында белгілі продюсер Баян Мақсатқызы, «Если честно» бағдарламасының жүргізушісі Тимур Балымбетов пен Қанат Исламның менеджері Берік Сұлтан да бар.

Жезөкшелерге қамшы ала жүгірген Жан Ахмадиевке өнер иелері қарсы шықты (фото)
Жезөкшелерге қамшы ала жүгірген Жан Ахмадиевке өнер иелері қарсы шықты (фото): UGC

«Қамшы - көшедегі жезөкшелерді сабайтын құрал. Бұл пиары аз жанның сөзі», - деді Берік Сұлтан.

Жезөкшелерге қамшы ала жүгірген Жан Ахмадиевке өнер иелері қарсы шықты (фото)
Жезөкшелерге қамшы ала жүгірген Жан Ахмадиевке өнер иелері қарсы шықты (фото): UGC
Ал Баян Мақсатқызы: «Бұрын біздің батырлар қылыш алып жерді жаулаған. Қазіргілер тек жезөкшелерді қамшымен қууды біледі. Сондай-ақ оны мақтаныш көріп видеоға түсіреді. Ең қорқыныштысы мұны қоғам қошеметпен қабылдайды. Қоғамның құлдырауы деген осы. Құқық қорғау орындары мұын текке қалдырмас деген ойдамын», - деп жазды Instagram парақшасында.
Жезөкшелерге қамшы ала жүгірген Жан Ахмадиевке өнер иелері қарсы шықты (фото)
Жезөкшелерге қамшы ала жүгірген Жан Ахмадиевке өнер иелері қарсы шықты (фото): UGC

Сондай-ақ Жан Ахмадиевтің бұл қылығын жабайылыққа теңеушілер қатарында әріптесі Тимур Балымбетов те бар.

«Если честно» бағдарламасының жүргізушісі: «Азамат ретінде айтарым, бұл істі тиісті орындар қарап жатқанына үміттімін. Бұл «адам», есімін де атағым келмейді. Ол тек қана қоғамның жиіркенішін туғызуда. Қазақстанның азаматтарын әйелдерге шабуылдап, оны желіге жүктеуге шақыруда. Міндетті түрде бір шара қолданылу керек», - деп жазды.

Айта кетейік, қазір Жан Ахмадиевтің ісін полицейлер тексеріп жатыр. Бірнеше күн бұрын заң қызметкерлері оның ісі дәлелденіп, жапа шеккен жеңіл жүрістілер арыз жазса, Ахмадиевтің 21 күнге дейін абақтыға қамалуы мүмкін екенін жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1723499-zezkselerge-kamsy-ala-zgirgen-zan-ahmadievke-ner-ieleri-karsy-sykty-foto/

pixel