Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жан Ахмадиев Сейфуллин көшесіндегі түнгі көбелектерді қамшымен сабады (видео)

Опубликовано:

Жан Ахмадиев өзінің «Жез қамшы» жобасының аясында Алматыдағы әйгілі Сейфуллин көшесінің бойын жағалаған жеңіл жүрісті қыздарға қамшы ала жүгірді деп хабарлайды NUR.KZ.

Жан Ахмадиев жеңіл жүрісті қазақ қыздарына қамшы ала жүгірді (видео)
Жан Ахмадиев жеңіл жүрісті қазақ қыздарына қамшы ала жүгірді (видео): UGC

Заманауи жырау көше жағалаған қазақ қыздармен сөйлесіп, ақысын және уақытын сұрап алған. Содан-соң олармен көліктен түсіп сөйлесіп, соңында қамшымен тартып жіберді. Бұл сұмдықтан шошып қалған жеңіл жүрістілер алды-артына қарамай қаша жөнеледі.

«Жалпы қазақ жігіттері, мен бұл әрекетіммен не айтайын дедім? Диванда отырып алып талқыламай, кел де осылай қыздарды қамшымен саба дегім келді. Эстафетаны сіздерге жолдаймын. Және осылай түсіріп, маған жіберіңіздер», - дейді видеода Жан Ахмадиев.

Алайда заңгерлер заманауи жыраудың бұл ісінің заңға қайшы екенін алға тартты.

«Егер видеодағы бойжеткендер Ахмадиевтің үстінен арыз беретін болса, бұл қылмыстық кодекс бойынша қаралады. Денесіне келтірілген залалының дәрежесі бойынша және қару сондай-ақ қару секілді заттарды пайдаланғаны үшін қылмыстық кодекстің бұзақылық бабы бойынша 21 тәулікке қамалады немесе айыппұл төлейді», - деді заңгер.

Айта кетейік, видеоны көрген желі қолданушылары екіге бөлінді.

Ескерту! Видеода бейәдеп сөздер кездеседі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1723155-zan-ahmadiev-sejfullin-ksesindegi-tngi-kbelekterdi-kamsymen-sabady-video/

pixel