RU
Ақтауда перзентханада босанған жас ананың өлімі отбасын есеңгіретіп кетті
Жаңалықтар Қоғам

Ақтауда перзентханада босанған жас ананың өлімі отбасын есеңгіретіп кетті

Рассказать Вконтакте

17 сәуір күні Маңғыстау облысы Жетібай кентінде екінші баласын босанған жас ана 23 сәуірде көз жұмды. Оның анасы қызының өліміне дәрігерлер салғырттығы себеп болғанын алға тартуда. Бұл туралы "Өз ойым" бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ порталы хабарлайды.

Баланың жолдасын жұлып алған: Ақтауда жас ананың өлімі отбасын есеңгіретіп кетті

Баланың жолдасын жұлып алған: Ақтауда жас ананың өлімі отбасын есеңгіретіп кетті

Гүлжан есімді әйелдің қызы Айданақ Сәбитқызы Ақтау қаласындағы перзентханада босанған. Ауруханаға өз аяғымен барып, сап-сау сәбиді дүниеге алып келген перзенті үйге енді шығамын деп отырған кезде көз жұмыпты.

"Өз ойым" бағдарламасына Skype арқылы байланысқа шаққан әйел қызының соңғы қиналысын дүйім жұртқа айтып берді.

"Қызым өзі босанған. Содан кейін оны босандырған акушер сәбидің жолдасы шықпай жатыр деп, тағы бір маманды шақырып келеді. Әлгі дәрігер келіп, қызымның жан дауысын шығарып, ішіндегі жолдасын жұлып алған. Мұның барлығын қызымның босануына серіктес болып кірген енесі айтып берді.

Жолдасын жұлып алған соң қызымнан қан кетіп, жағдайы нашарлайды. Біраз уақыттан кейін бәрі жақсы болды деп, бізге онымен жолығуға рұқсат берді. Айданақ бірнеше күнде үйге шығамын деп қуанып жүрген еді", - дейді Гүлжан.

Алайда жас ананың қуанышы көпке созылмай, үйіне шығатын күні оның беті қызарып, денесі көгеріп кеткен. Дәрігерлер не істерін білмей абдырап, оның суретін Астанаға жіберген.

Осыдан кейін мамандар Айданаққа барынша медициналық көмек көрсеткенімен, ол есін жимастан мерт болыпты.

"Меніңше қызымның өліміне дәрігерлер қателігі себеп болған. Олар сәбидің жолдасын іштен суырып алғанда инфекция түскен шығар деп ойлаймын", - дейді әйел.

Осыған орай Денсаулық сақтау министрлігінің медициналық қызметті бақылау басқармасының бас сарапшысы Дархан Тұрлыбеков мәселенің мән жайын анықтап, толық тексеру жұмыстары жүргізілетінін жеткізді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
3
2
7
36
1
5
4
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір