RU
"Аяғым ауыр": Арқалық тұрғыны өзін 14 жігіт жабылып зорлағанын жайып салды
Жаңалықтар Қоғам

"Аяғым ауыр": Арқалық тұрғыны өзін 14 жігіт жабылып зорлағанын жайып салды

Рассказать Вконтакте

Арқалықтың 22 жастағы тұрғыны өзін 14 баланың жабылып зорлағанын айтып, заңгер Айман Омароваға хат жазды. Ол өзіне зәбір көрсеткендердің барлығы да бостандықта жүргенін айтып, адвокаттан көмек сұрады деп хабарлайды NewTimes.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Арқалық тұрғыны өзін 14 жігіт зорлағанын айтып, жанайқайын жеткізді (фото)

Арқалық тұрғыны өзін 14 жігіт зорлағанын айтып, жанайқайын жеткізді (фото)

"Зәбір көрдім" деген бойжеткеннің қазір аяғы ауыр екен. 14 жігіттің қайсысынан жүкті болғанын білмейді. Атын атамауды өтінген ол зорлағандардың барлығы заң аясында жазасын алса екен деп сұрайды.

"Сіз арқылы әділдікке жетемін деген сеніммен басымнан өткен жағдайды, өзіме жасалған қиянатты қысқаша баяндап отырмын.

2017 жылдың 9 шілде күні кластасым А.С. үйлену тойына бардым. Той үстінде Р.С. деген класстасымның әйелі Г. дәретханаға барып келуді өтініш жасады. Аяғы ауыр болғасын «қорқып тұр екен» деп бірге бардым. Дәретханаға (туалетке) жете бергенде бір көлік келіп тоқтап, М. Е. түсіп, мені еркімнен тыс күштеп көлікке салып алды.

Машина келгенде Р. әйелі Гүлсараның жанына жетіп келді. Оны көріп, «мені құтқаршы», - деп айқайладым. Ол көмек көрсетпеді. Машина тез жүріп кетті. Машинаны Т.Е. Е жүргізді. Алдында С. Н. отырды.

Мені машинаның артында қозғалтпай ұстап М. Е., екінші жағымды О. Е. отырды. Бұл екеуі ағайынды, бір үйдің баласы. Мені ауыл шетіндегі Б.дегенннің үйіне (ол үйде ешкім тұрмайды) алып барып, бірінші М. Е., О. Е., Т.Е., С. Н. зорлады. Сөйтті де кафенің жанына алып келіп, тастап кетті.

Бірталай уақыт өзіме өзім келе алмай зорға дегенде үйге келдім. Бірақ ешкімге ештеңе айтатындай жағдайда болмадым. Қатты қорқып қалдым.

2017 жылдың 27 тамызында кластасым А.Н. қонаққа шақырды. Сол үйден үйге қайтып келе жатқанда алдымнан бір топ бала шығып ұстап алды.

Осылардың ішінен А. А. мен С.Н. қолымнан ұстап алып, жібермей бір сайға күштеп алып барды. Айдын жолда менің басымнан ұрды. Бәрі (групповой) жабылып зорлап, ойларына келгенді істеп тастап кетті", - деп баяндаған бойжеткен.

Айтуынша, ол жігіттер оны бір емес, үш рет зорлаған. Салдарынан бүгінде бойжеткен аяғы ауыр екенін айтады.

2018 жылдың 19 сәуір күні ол Арқалық қаласы ІІБ шағым түсірген.

"2018 жылдың 21 сәуір күні Арқалық қаласы ІІБ ТБ тергеушісі полиция капитаны Камалов А. Ж., №183916031000188 қылмыстық іс бойынша Қылмыстық процессуалдық кодексінің 199 және 218-баптарының талаптарын сақтай отырып, Арқалық қаласы, Байтұрсынов көш., 16 мекенжайы орналасқан Арқалық қаласы ІІБ ғимаратында №74 қызметтік кабинет бөлмесінде А. А., С.Н., М. Е., О.А,, А. Т., Т. Е. беттестіру жүргізіп түсініктеме алынды.

Қазір мен емделіп жатырмын. Олардың бәрі бостандықта жүр. Сізден көп көмек күтем. Сіз әйел, ана ретінде менің жаралы жанымды түсінеді деп ойлаймын. Менің басымда болған жағдайды жан баласына бермеуін Алладан тілеймін. Бар үмітім - Құдайда және Сізде.

. Маған қиянат жасап, өміріме балта шапқан қылмыскерлер жазасын алады деп сенемін. Ешкімді кешірмеймін және кешіре де алмаймын", - деген бойжеткен.

Адвокат Айман Омарова осы хаттан кейін жәбірленген қызды қорғауына алғанын айтып отыр. Оның сөзінше, полицейлер бұл істі соңына дейін жеткізуге құлықсыздық танытқан көрінеді. Тіпті, қызды мазақтап, "ақша істеп алмайсың ба" деп ақыл айтыпты-мыс.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
4
4
10
7
3
3
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel