Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дәмді ас дайындауды үйрететін әкесі мен қызы желіні жарды (фото, видео)

Опубликовано:

Отбасы мүшелері кешкі астан кейін көбінесе бір-бір телефонға үңіліп, жан-жағына мән бермей қалады. Осындай олқылықпен күресу үшін алматылық отбасы қызықты іспен шұғылданып, көпке үлгі көрсетіп жүр. Онда әкесі мен қызы әлеуметтік желіде вайндар түсіріп, дәмді тағам дайындаудың қыр-сырымен таныстырады деп жазады NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC

Нұрперзент есімді азамат өзінің қызы Даянамен түрлі ас дайындағанды жақсы көреді. Ал оның жары Эльвира сүйіктілерін видеоға түсіріп, желіге жүктейді.

Нұрперзент пен Даянаның ас дайындайтын видолары аз уақыттың ішінде Instagram желісін қолданушылардың қызығушылығын тудырған. Қазірдің өзінде оларға 16 мыңнан астам жазылыпты.

Эльвира мен Нұрперзенттің айтуынша, олар отбасымен бірге дәмді тамақтанғанды жақсы көреді. Сол себепті мейрамханаларда берілетін қымбат әрі ерекше асты үйде дайындап үйренейік деген ой келген.

Фото отбасының жеке архивінен алынды
Фото отбасының жеке архивінен алынды: UGC
"Біз түрлі рецепттерді ғаламтордан аламыз. Ал кейде дәстүрлі түрде дайындалатын тағамдарға өзіміздің әдісімізді қосып, барынша жеңілдетуге тырысамыз. Алғашында осынша көп адам жазылады деп ойламадық.

Себебі бізде ер адамның тамақ істегенін көп адам қалай бермейді. Сондықтан видеода тек тамақ пісіріп қана қоймай, оны театрландырылған қойылым сияқты ұйымдастырамыз", - дейді Нұрперзент.

Қысқаша қойылымдарды ел назарына ұсынуда анасының атқаратын рөлі орасан. Ол жары мен қызын видеоға түсіріп, тамақты дайындауға көмектесіп, видеоны монтаждайды.

Фото отбасының жеке архивінен алынды
Фото отбасының жеке архивінен алынды: UGC

Ал бірінші сынып оқушысы Даяна алғашқы уақытта видеоға түсуге ұялып жүргенін айтады. Дегенмен қазір камера алдында өзін еркін ұстап, тіпті әкесінің қатесін түзеп отыруды үйренген.

Нұрперзенттің танымал болып үлгерген жанұясына қазірдің өзінде жарнама туралы ұсыныс айтушылар көп екен. Алайда олар өздерін қызықтырмайтын жарнаманы шығаруға келіспейтіндерін айтады. Ең басты мақсат - отбасының бірлігін одан сайын арттыра түскен хоббимен айналысамыз дейді олар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1733684-dmdi-as-dajyndaudy-jretetin-kesi-men-kyzy-zelini-zardy-foto-video/

pixel