RU
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.

Зектілері

Шымкенттік қайыршы әйел имамдардың сорақы әрекетін жайып салды (видео)

Жарияланған күні:

Шымкентте мешіт алдында қайыр тілеп жүретін азаматшалар имамдардың әрекетіне наразы. Айтуларынша, мешіт қызметкерлері қайырымды жандардан түскен азық-түлікті үйлеріне өздерімен бірге алып кетеді екен. Бұл туралы өңірдегі NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Шымкентте қайыршы әйел имамдардың сорақы әрекетін жайып салды (видео)
Шымкентте қайыршы әйел имамдардың сорақы әрекетін жайып салды (видео): UGC

Айнаш есімді келіншек кішкентай екі қызымен Ордабасы алаңындағы мешіттің алдында қайыр тілеп жүреді.

"Жағдайдың жоқтығынан көшеде қол жайып жүрмін", - дейді ол.

Алланың үйіне қайырымды жандардың көп келетінін ескерсек, қайыршылар үшін мешіттің алды нағыз табыс көзі. Бірақ, мұндағы имамдар әсіресе "Рамазан" айында қайыршыларға қырғидай тие бастапты. Тіпті тұрғындардан келетін азық-түліктерді өздерімен бірге алып кетеді екен.

"Имамдар мешітке келген азық-түліктерді өзімен бірге алып кетеді. Осы видеоны көрсеңіздер қолдарыңыздан келгенше көмектесіңіздерші. Үйім жоқ. Баспана жалдап тұрамын. Мешіттің алдында қайыр сұрап жүреміз. Имамдар мешітке түскен ет, басқа да заттарды көліктеріне салып, бес-алты пакет алып кетеді", - дейді қайыршы әйел.

Мешіттің алдында қайыр сұрап жүретін әйел көпшіліктің көмегіне зәру. Егер қол ұшын беремін деген қайырымды жандардар болса 8771 137 93 87 нөміріне хабарласса болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1736051-symkenttik-kajyrsy-jel-imamdardy-soraky-reketin-zajyp-saldy-video/

Жарияланымға реакцияңыз?

Соңғы пікірлер

Барлық пікір саны: 16

Талқылауға қатысу немесе пікірлерге реакция қалдыру үшін профиліңізге кіріңіз.

Espol

Сандырақтамаңдар пенделер 10 пәленің тоғызы тілден бәрібір өлеміз бәрі артта қалады

Comment reaction

SahkBagdat

Имамдардындында бала шагасы бар, отбасы бар, оларга окметтен айлык толенбейди. Отырып алып интернетте ананы талкылап мынаны талкылаудын кажети жок...

Comment reaction

Nurlybek

Имамдар акша ушун журген имамдар.

Айдонай

кайда карасанда казактар базарда ташкы суйреп жургендер казактар кайыр сурап тургандар казактар калай жынын кемейди осынын бари жумыс уйдин жоктыгы гой.уйлери жоктарга уй берудин орнына уйлери барлар акшалары барлар алып алады да ширен п отырады

жарасхан

отрык болсын шын болсын оны алла корып тур бреуды жаман деп кунасына калмайык

Мухаммеджан

Ех, "Басқаның мініп шыққан жорғасы көрінбейді, молданың алып шыққан дорбасы көрінеді" деген осы ғой. Бұл молдалардың қақтығысы емес, мешіттің маңайын торған қайыршылардың қақтығысы ғой.

Давка

Мына айел кисини танимызгой , уш баласын кайыршылыкка уйретип журген киси емеспе, адамдардын аягына жабысады, келген туристтерденде уят, имамдарга жала жабуын карашы, талай сол мешит имамдарынан комек алып жургенин оз козимизбен коргенбиз, кайршылыкты касип еткен бурыннан туратын айелгой, кайыршылыкты касип кылгандаргада зан баргой полициялар талай акеткен бул кисини

Анеке

Мешіттің алдын қайыршылық отаны қылу дұрыс емес. Əр қайыршының сөзіне сенбеңіздер.

жани

Я знаю,иногда эти имамы раньше привозили мясо баранов в нашу организацию для продажи,во время Курбан айт.

Жаннат

Заулим уйлер салып жатыр гой. Биздики мешитке барып садака беру миндет. Кунага белшесинен бататындар оздери шешсин калай жарататынын

Сервисфото

Молданын iстегенiн iстеме,айтканын iсте дейдi...

Rauka78

Молданын айтканын емес исиегенин исте диды

меруерт85

Жок, айтканын исте, истегенин истеме, дейди. Молданын артынан 40шайтан журеди дейди. Ягни оларды катты азгырады, дурыс жолдан иайып кету каупи жогары дегенди биллиреди

Nurlybek

Ол шынайы шындык,кормесек те мешиттин манатында туратын адамдар айтады

Nurlybek

Имамдар отирик имамдар,билесиздерме осы ораза айында номер биринши мешит караг.жумыскерлериме су алуга барганбыз 20 л баклашка екеу соган су алып жаткан жеринен жартылай гана толган бетте куып шыкты,Жумыскерлеримиз намаз окып ораза устап журген кисилер.

меруерт85

Артурли адам бар, сол сиякты ар турли имам бар. Олар да биз сиякты пенде, кейде оларга бир периштеге карагандай караймыз

jitsu gif