jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Риза Шайқақ
Риза Шайқақ
Бұрынғы қызметкер

Шымкенттік қайыршы әйел имамдардың сорақы әрекетін жайып салды (видео)

: UGC

Шымкентте мешіт алдында қайыр тілеп жүретін азаматшалар имамдардың әрекетіне наразы. Айтуларынша, мешіт қызметкерлері қайырымды жандардан түскен азық-түлікті үйлеріне өздерімен бірге алып кетеді екен. Бұл туралы өңірдегі NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Шымкентте қайыршы әйел имамдардың сорақы әрекетін жайып салды (видео)
Шымкентте қайыршы әйел имамдардың сорақы әрекетін жайып салды (видео): UGC

Айнаш есімді келіншек кішкентай екі қызымен Ордабасы алаңындағы мешіттің алдында қайыр тілеп жүреді.

"Жағдайдың жоқтығынан көшеде қол жайып жүрмін", - дейді ол.

Алланың үйіне қайырымды жандардың көп келетінін ескерсек, қайыршылар үшін мешіттің алды нағыз табыс көзі. Бірақ, мұндағы имамдар әсіресе "Рамазан" айында қайыршыларға қырғидай тие бастапты. Тіпті тұрғындардан келетін азық-түліктерді өздерімен бірге алып кетеді екен.

"Имамдар мешітке келген азық-түліктерді өзімен бірге алып кетеді. Осы видеоны көрсеңіздер қолдарыңыздан келгенше көмектесіңіздерші. Үйім жоқ. Баспана жалдап тұрамын. Мешіттің алдында қайыр сұрап жүреміз. Имамдар мешітке түскен ет, басқа да заттарды көліктеріне салып, бес-алты пакет алып кетеді", - дейді қайыршы әйел.

Мешіттің алдында қайыр сұрап жүретін әйел көпшіліктің көмегіне зәру. Егер қол ұшын беремін деген қайырымды жандардар болса 8771 137 93 87 нөміріне хабарласса болады.

Шымкенттік қайыршы әйел имамдардың сорақы әрекетін жайып салды (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.