Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Екі жыл сабаққа келмейді": Белгілі доцент жұлдыздардың қалай диплом алатынын жайып салды

Опубликовано:

Осыдан біраз уақыт бұрын Мейрамбек Бесбаев әлеуметтік ғылымдар магистранты атанған болатын. Осыдан кейін Еуразия ұлттық университетінің доценті Мырзантай Жақып танымал жұлдыздардың дипломды қалай алатынын жайып салды деп хабарлайды "КТК" арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Мырзантай Жақып, Қайрат Нұртас, Бесбаев. Фото-коллаж: NUR.KZ
Мырзантай Жақып, Қайрат Нұртас, Бесбаев. Фото-коллаж: NUR.KZ: UGC

Еліміздегі мүйізі қарағайдай Еуразия ұлттық университетінің профессоры магистранттарға деп бөлінетін білім гранттарының кімге кетіп жатқанын ашық айтып берді.

"Әр мамандыққа магистратураға бөлінген орындар болады: 10 орын, 20 орын. Сонда әр бөлінген орындардың кемінде 30% пайызын сондай сырттан келген, сахнада жүрген, той-томалақта жүрген асабалар, әртүрлі арзанқол әншісымақтар деп айтар едім.

Сондай адамдар алып кетеді. Осылай үздік бітірген бірнеше студентім магистратураға түсе алмай, далада қалды. Былтыр да болды. Алдыңғы жылы да болды. Ол жыл сайын қайталанады. Ол биыл да солай болады.

Қанша адамға біз обал жасап жатырмыз. Алдын ала тізім жасап қоямыз. Мысалы 20 орын магистратураға орын бере ме? 20 орынға тізім жасап қойғанбыз. Ол біле ме ағылшын тілін, ол өте ме, өтпей ме, маңызды емес. Оларды өткізу керек.

Бәріміз білеміз ғой, оларды тегіннен-тегін өткізіп отырған жоқ қой. Бақылауды күшейту керек. Керек болса тексеру керек, осыған дейін бітіргендерді", - деді Мырзантай Жақып.

Доценттің айтуынша, жоғары оқу орнында тегін оқу мүмкіндігі талантты жастарға емес, сабаққа мүлде келмейтін жұлдыздарға үлестіріледі.

Оның ішінде, атақты әнші, асаба, әйгілі тележүргізушілер де бар. Тек сахнадан ғана көрінетін студенттерге ұстаздар жоғары баға қоюға мәжбүр екенін де жасырмай жайып салды.

"Сол екі жыл сабаққа келмейді олар. Басында бір көрінеді. Олардың сабаққа келгеннің өзі бір шоу. "Ойбай, пәленше сабаққа келді".

Ол сабаққа келуге міндетті ғой. Ол бір көрінді сонымен жоқ. Ол екі жылдан кейін дипломын алатын кезде бір-ақ келеді. Оқу орнына келген кезде аудиторияға келмейді.

Олар тіке бастықтарға барады. Олар ректорға барады. Проректорға, деканға сөйтеді де бізге тапсырма береді. Міне, екі жыл келмеген балаға баға қойып беріңдер деп. Қоймасаң, қорқытуға кіріседі. Жұмыстан шығартып жіберем дейді, ректораттан қысым жасайды", - деді ағынан жарылған доцент Мырзантай Жақып.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1740551-eki-zyl-sabakka-kelmejdi-belgili-docent-zldyzdardy-kalaj-diplom-alatynyn-zajyp-saldy/

pixel