Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарапайым жанкүйерлер арасында жүрген Хорватия президентін жұрт танымай қалды

Опубликовано:

Хорватия президенті Колинда Грабар-Китарович өз құрамасының нағыз жанкүйері екенін тағы бір мәрте дәлелдеді. Ел басшысы Хорватия мен Дания арасындағы ойынды шенділер отыратын жерде емес, қарапайым жанкүйерлер арасында тамашалаған деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: sports-express.ru
Фото: sports-express.ru: UGC

Ел басшысы әлем чемпионатында Хорватия командасына қолдау білдіру үшін Ресейге арнайы келген. Алайда, өзге ел президенттерімен әңгіме-дүкен құру саясаткердің жоспарына кірмепті.

Ол өз құрамасының ойынын хорватиялық жанкүйерлермен бірге көргісі келгенін айтты. Оның үстіне, шенділерге арналған жерге құрама формасымен кіруге тыйым салынған.

Ал Колинда Грабар-Китарович Хорватияға тек қана ұлттық құрама формасымен қолдау білдіретін көрінеді.

Көпшілікті жоғары лауазымды адамның қарапайым халық секілді футбол тамашалауы тәнті қылды. Хорватиялық жанкүйерлер құрамасының жеңісін ел басшысымен бірге тойлаған.

Айта кетейік, Хорватия президенті үшін алғаш рет болып тұрған жағдай емес.

Ол бұған дейін де ұлттық құрамаға қолдау білдіру үшін әлемнің түкпір-түкпіріндегі елдерге де барудан жасқанбаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1740722-karapajym-zankjerler-arasynda-zrgen-horvatia-prezidentin-zrt-tanymaj-kaldy/

pixel