Ресми мәлімдеме: Денис Тенге кімдер шабуылдағаны белгілі болды
Жарияланған күні:
Алматы қалалық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі көше ортасында Денис Тенге жасалған шабуылға қатысты пікір білдірді деп хабарлайды NUR.KZ.
"Бүгін, 19.07.2018, түскі сағат 15:00 шамасында Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысында Денис Тен ауыр жарақат алды.
Белгісіз екі азамат спортшының көлігінен айнаны ұрламақ болған сәтте төбелес шығып, күдіктілер Тенді пышақтап кеткен.
Аталмыш факт бойынша тергеу басталды. Қылмыс жасаған азаматтарды анықтау және ұстау үшін Алматы қалалық ІІД барлық негізгі құрамы жұмылдырылды", - делінген ресми мәлімдемеде.
Естеріңізге сала кетсек, бүгін қазақстандық танымал мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенге Алматыда шабуыл жасалған болатын.
Кейінірек спортшыға орталық қалалық ауруханада ота жасалып жатқаны туралы хабарладық. Сондай-ақ, Денистің үш литр қан жоғалтқаны белгілі болды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1743120-resmi-mlimdeme-denis-tenge-kimder-sabuyldagany-belgili-boldy/