RU
Оқыс оқиға
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.

Зектілері

Ақтөбеде 16 жастағы жасөспірім көршінің жеті жасар баласын зорлап тастаған

Жарияланған күні:

Жантүршігерлік жағдай Ақтөбе облысының Қарғалы ауданында тіркелген. Оқиғаның қалай болғанын NUR.KZ порталына зардап шегуші бүлдіршіннің әпкесі айтып берді.

Ақтөбеде 16 жастағы жасөспірім жеті жасар көршісін өзен жағасында зорлаған
Көрнекі фото: РИА Воронеж: UGC
"Ініме азғындық жасаған бала келесі көшеде көрші тұрады. 7 жастағы інімді үйіне кіргізіп алып қорқытқан. Үлкен ағам сол үйге барғанда сыртта інімнің аяқ киімі жатқанын көреді.

Бірақ ол үйінде ешкімнің жоқ екенін айтқан. Ал інімнен сұрағанда көрші бұған шоколад алып беремін деп 350 теңге беріпті. Үйде компьютер ойнаймыз деп шақырған.

Ағам бармағанда үйінде зорлағысы келген екен. Кейін жағдай өзен жағасында қайталанған. Оны көрген куәгерлер бар.

Бізге азғындықтың жасалғанын ойнап жүрген балалар мен көршілер айтып келді. Сол кезде полиция шақырдық. Бұл бірінші рет болып тұрған жағдай емес пе деп қорқамыз", -дейді зардап шеккен 7 жасар баланың апасы.

Зардап шегуші тарап оқиғаның 16 шілдеде болғанына қарамастан күдіктінің қамауға алынбағанына алаңдап отыр.

"16 жастағы бала қазір үйінде жүр. Оны әлі қамауға алған жоқ. Мамасы баласын өзімен бірге жұмысқа алып кетеді. Баланың шешесінің күйеуі бұрын полицияда жасаған дегенді естідік. Енді істі жауып тастай ма деп қорқып отырмыз. Көршілердің бәрі ол баланың үстінен арыз жазып жатыр. Бәрі де кішкентай балалары үшін алаңдап қорқады", - дейді апасы.

Көршілердің айтуынша, күдікті жасөспірім ата-әжесі, анасы және оның азаматтық некедегі жолдасымен бірге тұрады.

Оқиғаға қатысты ІІД-нің мамандары әзірге тектергеу жұмыстарының жүріп жатқанын хабарлайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/1746263-aktbede-16-zastagy-zasspirim-krsini-zeti-zasar-balasyn-zorlap-tastagan/

Жарияланымға реакцияңыз?

Соңғы пікірлер

Барлық пікір саны: 4

Талқылауға қатысу немесе пікірлерге реакция қалдыру үшін профиліңізге кіріңіз.

құлан

сұмдықтың бəрі қазақ ауылдарынан шығып жатыр тəрбие қайда халқым ау бұрын мұндай масқаран естімеуші едік

Comment reaction

Қанағат

Бұл не болып кетті ҚҰДАЙЫМ-ау...

Comment reaction

janibek

Көзді ашыңыз сіздікі дұрыс болса бəрін заң шешеді, қорықпаңыз ақшасы көптерде арқасын ойлайды баяғы заман кетті

janibek

Жауып тастай алмайды, экспертизадан өткізіп алыңыз

jitsu gif