jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Риза Шайқақ
    Риза Шайқақ
    Бұрынғы қызметкер

    Ақтөбеде 16 жастағы жасөспірім көршінің жеті жасар баласын зорлап тастаған

    : UGC

    Жантүршігерлік жағдай Ақтөбе облысының Қарғалы ауданында тіркелген. Оқиғаның қалай болғанын NUR.KZ порталына зардап шегуші бүлдіршіннің әпкесі айтып берді.

    Ақтөбеде 16 жастағы жасөспірім жеті жасар көршісін өзен жағасында зорлаған
    Көрнекі фото: РИА Воронеж: UGC
    "Ініме азғындық жасаған бала келесі көшеде көрші тұрады. 7 жастағы інімді үйіне кіргізіп алып қорқытқан. Үлкен ағам сол үйге барғанда сыртта інімнің аяқ киімі жатқанын көреді.

    Бірақ ол үйінде ешкімнің жоқ екенін айтқан. Ал інімнен сұрағанда көрші бұған шоколад алып беремін деп 350 теңге беріпті. Үйде компьютер ойнаймыз деп шақырған.

    Ағам бармағанда үйінде зорлағысы келген екен. Кейін жағдай өзен жағасында қайталанған. Оны көрген куәгерлер бар.

    Бізге азғындықтың жасалғанын ойнап жүрген балалар мен көршілер айтып келді. Сол кезде полиция шақырдық. Бұл бірінші рет болып тұрған жағдай емес пе деп қорқамыз", -дейді зардап шеккен 7 жасар баланың апасы.

    Зардап шегуші тарап оқиғаның 16 шілдеде болғанына қарамастан күдіктінің қамауға алынбағанына алаңдап отыр.

    "16 жастағы бала қазір үйінде жүр. Оны әлі қамауға алған жоқ. Мамасы баласын өзімен бірге жұмысқа алып кетеді. Баланың шешесінің күйеуі бұрын полицияда жасаған дегенді естідік. Енді істі жауып тастай ма деп қорқып отырмыз. Көршілердің бәрі ол баланың үстінен арыз жазып жатыр. Бәрі де кішкентай балалары үшін алаңдап қорқады", - дейді апасы.

    Көршілердің айтуынша, күдікті жасөспірім ата-әжесі, анасы және оның азаматтық некедегі жолдасымен бірге тұрады.

    Оқиғаға қатысты ІІД-нің мамандары әзірге тектергеу жұмыстарының жүріп жатқанын хабарлайды.

    Ақтөбеде 16 жастағы жасөспірім көршінің жеті жасар баласын зорлап тастаған

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.