Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанадағы атышулы перзентханада төртінші келіншек көз жұмды

Опубликовано:

Астанадағы №1 қалалық перинаталдық орталықта тағы да ана өлімі тіркелді. Мұнда 35 жастағы келіншек босанып жатқан кезінде көз жұмды. Ал нәресте аман. Бұл - жыл басынан бергі осы перзентханадағы төртінші ана өлімі деп хабарлайды 31 арнаға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: Halfpoint Shutterstock.com
Көрнекі фото: Halfpoint Shutterstock.com: UGC

Бүгін-ертең шілдехана жасаймыз деп дайындалып отырған отбасы қазір қайғыдан қан жұтып отыр. Туыстарының айтуынша, бұған дейін екі баласын еш қиындықсыз босанған Әлфияның бұл жолғы жүктілігі де ауру-сырқаусыз өтіпті. Алайда, бәрі перзентханаға жатқанда басталған.  

"Ауруханаға барды, 4 күн жатты. 1-ші күні укол салады, 2-ші күні әні босанады, міне босанады деп. Тура 1 қыркүйекте қайтыс болды. Балам 1-ші сыныпқа барған кезде", - дейді марқұмның жұбайы Талғат Жолымбеков.

Ал перзентхананың астында күткен абысыны келінінің хәлі нашар екенін ешкім айтпады деп зар еңіреп отыр.

"Сағат 7-ден кейін не болғанын біз білмейміз. Сағат 9-да қайтыс болған. 2 сағаттың ішінде не істеді оған? Қиналып бара жатса кесіп алмайды ма баланы? Болмаса өзінің жанын алып қалмай ма?!", - дейді марқұм Ә.Спабекованың жеңгесі Нәзира Жолымбекова.

Телеарнаның мәліметінше, бұл сұрақтарға жауап береді деген 1-ші перинаталдық орталықтың өкілдері де, қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшылары да тіс жармаған.

Мәйітхана берген анықтамада өлімнің себебі "Шарананың айналасындағы сұйықтық эмболиясы" деп жазылған. Бұл алдын ала болжам ғана. Нақтысы тек зертханалық сараптамалар нәтижесінде белгілі болмақ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1750720-astanadagy-atysuly-perzenthanada-trtinsi-kelinsek-kz-zmdy/

pixel