Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қырғызстандық СІМ Қазақстан елшісіне ресми нота тапсырды

Опубликовано:

Қырғызстан СІМ-де Қазақстан елшісіне ресми нота тапсырылды деп хабарлайды көрші елдің сыртқы саясат үкіметінің баспсөз релизіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото ia-centr.ru
Көрнекі фото ia-centr.ru: UGC

Хабарламада айтылғандай, көрші ел министрлігі Алматы қаласының халықаралық әуежайында қырғыз азаматтарының шектен тыс күшейтілген тексеруден өтетініне наразы. Сол себепті Қырғызстанның Сыртқы істер министрлігіне 14 қыркүйек күні Қазақстан елшісі Кәрім Көкрекбаев арнайы шақыртылған.

«Кездесу барысында Қырғызстан тарапының Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік органдар әрекетіне алаңдаушылығы туралы айтылды. Сондай-ақ Қазақстандағы қызметтік тұлғалардық қырғыз азаматтарына шектен тыс тексеру жүргізіп, намысына тиетін әрекеттер жасамауын нақтылап тұрып өтінген. Аталмыш нота Қазақстан елшісінің қолына тапсырылды", - делінген баспасөз релизінде.

Ал қазақстандық дипломаттар бұл істі қолға алып, тексеру жүргізетіндерін мәлім етті. Алайда ҚР СІМ еліміздің әуежайларында тексеру бойынша ережелер барлық жолаушыларға бірдей дәрежеде жүргізілетінін айтып отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1752828-kyrgyzstandyk-sim-kazakstan-elsisine-resmi-nota-tapsyrdy/

pixel