Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тапқан теңімен бақытты болсын": Әуелбекова өзін тастап кеткен күйеуін айтып, жылап қалды

Жарияланған күні:

Мөлдір Әуелбекова алғаш рет ел алдына шығып, күйеуінен ажырасып кеткенін мойындады. Отбасылық өмірін көпшіліктен жасырған әншіні жары тастап кеткелі екі жылға жуық уақыт өткен деп хабарлайды "Айта берсін" бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Мөлдір Әуелбекова. Фото: Гәкку арнасы
Мөлдір Әуелбекова. Фото: Гәкку арнасы: UGC
"Ресми түрде ажырасып кеткенімізге 1,5 жыл болды. Қазір мұны айту қиын емес. Бірақ сол кезде қатты қиналдым. Отбасын тастап кету, балаға келмеу оңай. Не істеймін енді, тағдырым солай?! Менің тәрбиемде бірінші орында тәрбие тұрады. Баламның әкесіз өскені жақсы емес. Басында үміттеніп, күткен болатынмын. Ол кезде балам кішкентай еді. Бірақ, жоқ", - деді көзіне жас алған әнші.

Сондай-ақ, Әуелбекова баласының кімді "Әке" деп атайтынын да жасырмады.

Әуелбекова ұлымен. Фото: "Айта берсін" бағдарламасы
Әуелбекова ұлымен. Фото: "Айта берсін" бағдарламасы: UGC

"Балам әкесін танымайды. Салтай 5 айлық кезінде бізді тастап кеткен. Негізі менің туған інімді "әке" деп айтады. Қара шаңырақта інімнің екі баласы кешкісін "әке" деп алдынан жүгіріп шығады. Менің ұлым да көргенін істейді. Бір жағынан жақсы адамдардың тәрбиесін алып жатқанына қуанамын.

Күйеуімнің баланы көргеніне қарсы емеспін. "Келіңіз, көріңіз" деп те айтқан болатынмын. Уақыт өте келе үміт те үзіледі ғой. Қазір "әкесін" танысын деп ойламаймын да. Ешкім іздемейді. Сол әулеттің қаны ғой енді. Тапқан теңімен бақытты болсын", - деп ағынан жарылған әнші.

Айта кетейік, әнші ұлы Салтайды алғаш рет көпшілікке көрсетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1754377-tapkan-teimen-bakytty-bolsyn-uelbekova-zin-tastap-ketken-kjeuin-ajtyp-zylap-kaldy/