RU
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.

Зектілері

Енесі бетіне кесе лақтырған қызылордалық келін көрген қорлығын баяндады

Жарияланған күні:

Семейлік келіншек қызылордалық азаматпен тұрмыс құрып, нәтижесінде қатаң салт-дәстүрге шыдамай, ажырасып кеткенін әңгімелеп берді. Айтуынша, оңтүстік өңірге келін болған ол, қызылордалықтарды дәл сондай қатты болады деп ойламаған екен. Жалғызбасты ананың жан сырын NUR.KZ тілшісі тыңдап қайтты.

Көрнекі фото: psy-ask.ru
Көрнекі фото: psy-ask.ru: UGC

Семейлік Айнұр есімді бойжеткен осыдан төрт жыл бұрын қызылордалық азаматқа тұрмысқа шығыпты. Алғашында отбасылық өмірім "тәтті" басталғанымен, соңы "қатты" болды дейді жас ана.

"Екеуміз де Семейдегі колледжге оқуға түстік. Ол біздің өңірге "Серпін" бағдарламасымен келіп, грантта оқуға түскен екен. Мен ақылы бөлімде оқыдым. Бір жылдай қыз бен жігіт ретінде жүріп, оқудың соңғы курсында үйлену туралы шешім қабылдадық.

"Ата-анамның алдынан өтіп, құда түсіп, той жасадық. Бір жыл, оқуымызды аяқтағанша, Семейде пәтер жалдап тұрдық. Тұңғышымыз дүниеге келді, сосын оқуымызды аяқтаған соң Қызылордаға аттандық. Бәрі сол мезеттен басталды. Бұрындары Шымкентте келінге қатты қарайды деп еститінмін. Бірақ Қызылордада көрген қорлығымды ешкімнің басынан тілемеспін", - деп көзіне жас алды келіншек.

Айтуынша, ол ертемен таңғы 6-да тұрып, үй ауласын сыпырған екен. Одан қалса, бақшаға қарайласып, үйдегі бүкіл шаруашылықты өз мойнына алыпты.

"Мені әке-шешем кішкентайымнан еңбекке баулып өсті. Ауылда өскен, қарапайым қазақтың қызымын. 9-сыныпты үздік бітіріп, колледжге балым жетпей ақылы бөлімде оқытты. Соның бірін елеп-ескерген не жолдасым, не туыстары болған жоқ. Ол жаққа бара салып, баламды енеме беріп, өзім жұмысқа тұрмақ болдым.

Оған бәрі қарсы шықты. Жарайды, ертемен аула сыпырып, бар шаруаны жасау маған түкте емес. Бірақ, тым құрыса адам ретінде қарап, келін ретінде сыйласа болатын еді ғой? Ол жақта келіндер ата-енесімен, жолдасымен отырып шай да іше алмайды. Бәріне шай берген соң, тіпті, маған тамақтануға да мүмкіндік бермейтін.

Жерден алып, жерге салып, үйде менен жаман адам жоқ болатын. Ешқашан беттерінен алып, қарсы шыққан емеспін. Енем тіпті, бірде шайды дұрыс құймадың деп, кесені ыстық шаймен бетіме лақтырған күндерім де болды", - дейді келіншек.

"Тіпті екіншіме жүкті кезімде, ауыр шелектерді көтерткізіп, жұмысқа салып қоятын. Қанша рет түсік тастай жаздап, екіншімді әрең дүниеге әкелдім. Сол екіншіме анам мен жеңгелерім қалжа әкелгенде, енем оны да менсінбеді.

Бұл жақта солай, қыз жақтан ала берсек дейді, өздері жастарға, жас отбасыларға ешқашан көмек қолын созбайды. Сөйтіп, екіншімнің шілдеханасында шу шығарғанда, киім-кешектерімді жинап, анаммен бірге кеттім де қалдым. Шыдамның да шегі бар. Жолдасым да жалқау біреу болып шықты.

Не үйде, не сыртта береке болмаған соң, осындай қадамға баруыма тура келді. Қазір бір жылдан астам уақыт болды, ажырасып кеттік. Ата-енем не жолдасым балаларымды іздемейді. Артымнан іздеп келген де емес. Алиментке де құжат тапсырмадым.

Солардан бір тиын да алмай, балаларымды өзім жеткіземін деп шештім. Менен көмектерін аямаған ата-анам мен бауырларыма рақмет, бас аман болса, өзім-ақ аяқтан тік тұрмақпын. Жас қыздарға айтарым, махаббат, сезім деп асығыс шешім қабылдамаңыздар, бәрі өткінші. Отбасылық өмірде салт-дәстүр мен менталитеттің әркелкілігі көп нәрсені өзгертеді екен", - деп әңгімесін аяқтады келіншек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1756929-enesi-betine-kese-laktyrgan-kyzylordalyk-kelin-krgen-korlygyn-baandady/

Жарияланымға реакцияңыз?

Соңғы пікірлер

Барлық пікір саны: 10

Талқылауға қатысу немесе пікірлерге реакция қалдыру үшін профиліңізге кіріңіз.

Гогоша

Бар ондай адамдар келинди менсинбейд торкиннен ала берсе дейд акегенин менсинбей бизде сондай дейтин дерде бар ол намыска тийед шешен ондай акен ондай деп отырсан опак турсак сопак ар тирлигине жагаласып сондай енелер бар

Comment reaction

Гогоша

Бар ондай адамдар келинди менсинбейд торкиннен ала берсе дейд акегенин менсинбей бизде сондай дейтин дерде бар ол намыска тийед шешен ондай акен ондай деп отырсан опак турсак сопак ар тирлигине жагаласып сондай енелер бар

Comment reaction

Жумабаев

Кез келген уақытта ұрыс керістің екі жағы болады бір жақты болмайды.Сондай тарбиелі отбасынан шыққан қыз болса сол адамды шын сүйип косылған болса сол барған жерин бақытты етем деп барады.Үйлену оңай үй болу қиын деген мақалды жетик түсине билу керек.Копке топырак шашпау керек.Озі жерсінбеген болып тұр.Қыдылорда қыздары кез келген облста жаксы инабатты келін боп сол жерге сіңіп кетіп жатыр.Балалардың болашағына Акесіз өсуіне барып тұр.Аліде ойланып балаларырың болашағын ойлап қосылу керек деп ойлану керек.

Алма

Жумабаев өзіңнің қызыңның басына тускенде көрер едім осылай сайрағаныңды,ақылыңды басыңа майлап жақ,

Акмор

солай ойлайсызба сиз бала шагасын издемеген Қызылордалык ол адам емес хайуан болып есептеледи ол кызда биреудин багып кагып отрган кызы ол семияга бара салып сондай нарсени кору ушин жаратылган жок ол соны ана ата ене жайлап жаймен тарбиелеу керек

Candy

Өзіміз Қызылордалық болғасын мүмкін білінбейтін шығар.Бирак мынаны оқып өзім шошып отырм мұндайда барма деп 6да тұру деген жоқ.Облысы емес, барған Отбасы дұрыс емес сияқты ғой.әрі бир ауыз қарсы шыққан емеспін дегені енді отирик.Сондай бир созимен ісімен бастан жақпай қалғаны анық.

janka

жалгыз Кызылордада емес,барлык жердеде ондай адамдар бар. бес саусак бирдей емес.каласына емес,кейбир адамына байланысты гой.

оченьудивлена

Да не только в Кызылорде, везде так, из 100 только 4,5наверное хорошо относятся к своим снохам, но есть ещё снохи которые ни то что уважать свёкра или свекрови, ужасно разговривает с ужасным тоном со своим мужем перед его родителей. Да понимаю что люди разные, но приветливость не помешало бы для хорошей жизни. Есть свекрови которые ни то что уважать снохов матерятся, видишь что сноха во всю уважает но почему то свекрови она все равно плохая, про нее плохо обязывается, во всем винит, есть плюс заловки со змейней головкой. А есть свекрови которые уважают , заступается если что то говорит про ее снохи, относятся очень хорошо, но есть снохи которые не знают цены таких свекрови, не уважают, если целует своих внуков то она берет и сразу вытерает их ни лица, мужа перед ее матери материт и вообще не уважает. В общем есть и змейные снохи и змейные свекрови!!!

Гульапше66

Шынымен де солай :Кзыл -ордада келинди адам деп санамайды..

Инди2007

көпке топырақ шашпаңыз!!!!!

jitsu gif