RU
Ресейлік бизнесмен Әблязовтың миллиардтарды қалай ұрлағанын айтып берді
Жаңалықтар Саясат және экономика

Ресейлік бизнесмен Әблязовтың миллиардтарды қалай ұрлағанын айтып берді

Рассказать Вконтакте

Мұхтар Әблязовтің БТА банкті басқарған кезінде қандай айла-тәсілдерді қолданғанын БАҚ өкілдеріне жария еткен ресейлік бизнесмен Андрей Третьяков Ақтау қаласында тұтқындалды және Ресейге қайтарылуы мүмкін. Бұл туралы "Время" газетіне сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

uralskweek.kz

Фото:uralskweek.kz

Андрей Третьяковтың Ақтау қаласының изоляторында отырғанына үш апта болды. Ол Санк-Петербургке жөнелтілуін күтіп отыр.

Кәсіпкер баспасөз өкілдеріне ресейлік олигарх Михаил Сутягинскийге БТА банктан 20 миллион долларды алып шығуға көмектескенін мәлімдегеннен кейін ресейлік тергеу комитеті оны тұтқындауға сұраныс жіберген болатын

Олигархтың бұйрығы бойынша Третьяков жалған фирма құрған. Ол фирмаға БТА Банктің мәскеулік бөлімшесі қомақты ақша сомасын несиеге берген. Барлық миллиондарды ол "Омс-Полимер" компаниясының есепшотына аударып отырыпты. Ол компания Сутягинскийдің компаниялар тобына кірген.
Ары қарай олигархтың бұйрығы бойынша, Третьяков жалған компанияның банкротқа ұшырағанын жариялапты, ал оның қарызын Сутягинскийге қатысы бар басқа компания сатып алған.

Әблязовтың келісімінсіз БТА-дан қомақты ақша мөлшерін алып шығу мүмкін емес екеніне Третьяков сенімді болады. Сонымен қатар, Сутягинский мен Әблязов бірнеше жоба бойынша бірге жұмыс істеген екен.

Өз міндетін орындағаннан кейін Третьяков Ақтауға көшіп кетуге мәжбүр болған, себебі оның айла-шарғыларына құқық қорғау органдары қызығушылық таныта бастаған. Оның адвокатының айтуынша, оған қоқан-лоққы да көрсетілген.

Қазақстанға келген кәсіпкер Әблязов пен Сутягинскийдің басқа да амалдары туралы айтып бере алатынын мәлімдеген.

Дегенмен, Третьяковты ешкім тұтқындамаған және жауап алуға ешкім шақырмапты. Ол Ақтау қаласында орташа жалақыға жұмыс істеп жүрген.

Кейін Санк-Петербург қаласының тергеу комитеті аса ірі көлемдегі алаяқтық әрекетке қатысы бар деген күдікпен оның экстрадициялануын талап еткен. Осыдан кейін қазақстандық тәртіп сақшылары оны құрықтаған.

ІІМ тілшілердің сұраныс хатына Третьяковтың Қазақстанда бірде-бір қылмыстық іс үшін жауапқа тартылмағанын растады. Бас прокуратура оған қатысты ақпарат берген жоқ.

Третьяков Қазақстаннан миллиардтарды қалай шығарғанын көрсететін сұлбалардың сипаттамасын қазақстандық құқық қорғау органдарына жазбаша жазып берген.

Тергеу жүргізуге көмектесуге әзір екенін мәлімдеген ол Ресейге қайтарылмауын өтініпті, себебі өз өмірі үшін қауіптенеді екен.

Еске сала кететін жайт, РБК банкінен 160 миллион доллар жымқырды деп күдікпен іздеу салынған кәсіпкер Жомарт Ертаевты Қазақстан тарапы Ресейден экстрадициялауға өтініш білдірген кезде Ресей тарапы бас тартқан болатын. Ертаев біраз уақыт үй қамақта отырып, оған саяси босқын мәртебесі берілген болатын.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
4
0
0
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel