Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Арзан және тез": Қытай кеспесінің кесірінен ауруханаға түсушілер күн сайын көбеюде

Жарияланған күні:

Қазақстанда қытай кеспесінің салдарынан ауруханаға түсушілер саны күн санап артуда. Студенттер қауымының ең сүйікті тағамына айналған бичпакет түрлі кесел мен ауыр дертке шалдықтыратыны анықталды. Тез дайындалатын тағамға әуес жандардың кейбірі тіпті қатерлі ісікке тап болған деп хабарлайды Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Скриншот
Фото: Скриншот: UGC

Қалтаны қақпайтын кеспені жиі пайдаланатындардың бірі - Нұрлан Биетов. Астана тұрғыны студенттік кезінен бері тез дайындалатын бичпакетті жеуге дағдыланып кеткен. Арзан асты әдет қылып алған ол, кеспені жемесе тұра алмайтын жағдайға дейін жеткен. Алайда, жақында Нұрлан сүйікті тағамының салдарынан аураханадан бір-ақ шыққан. Ол асқазанына шыққан жараның кесірінен жапа шегіп жүр.

“Жас кезімізде Ролтонды талай жегенімізі рас. Кей кездері қарның қатты аш болғанда жеп қоя бересің. Одан кейін асқазаның ауырады. Ауруханадан шыққан кездер де болған. Тіпті оның ішінен шаш шыққан оқиғалар да да болды. Бичпакет ішінен шаш шыққан соң менің де мазам қашты" , - деді Нұрлан.
Фото: Скриншот
Фото: Скриншот: UGC

Студенттердің тағамы атанып кеткен қытай кеспесінің ең қымбаты бүгінде бар-жоғы 250 теңге тұрады. Арзан асқа қатысты желіде тарап кеткен түрлі жиіркенішті видеолар төбе шашты тік тұрғызады.

Алайда, кеспенің ішінде жүрген небір құрттарды көрсе де көпшілік оны тұтынуды тоқтатар емес. Оған қоса, тез дайындалатын астың ұзақ уақыт дүкендерде сақталуы үшін оны арнайы пальма майымен майлайды екен. Сол себепті, кеспеге оттық тигізе бергеніңізде ол бірден лаулап жанады. Дәрігерлердің мәлімдеуінше, асқазан жарасы да дәл осылай пайда болады.

Фото: Скриншот
Фото: Скриншот: UGC

Кеспе салдарынан ауыр дерттерге шалдыққандар болса өз кезегінде, көпшілікті арзан тағамды қолдаунбауға шықырып, дабыл қағуда.

"Аз уақытта дайындалатын кеспе, әсіресе балалр үшін аса зиян. Оны аяғы ауыр және бала емізетін келіншектерге мүлде жеуге болмайды. Өйткені, кеспенің ұзақ сақталуы үшін оның құрамына натрий глутаматы қосылады. Ол дегеніміз химиялық өндірісте жасалынып шығатын синтетикалық тұз.

Ол ағзаға жайылып, оны бірден уландыруға кіріседі. Натрий глутаматы ағзаға түскен сәттен бастап, ол асқазанды зақымдай бастайды. Ол тіпті қатерлі ісіктің пайда болуына себепкер болуы мүмкін. Бронхиалды астмаға да әкеліп жатады” , – дейді Ұлттық онкология және трансплантология орталығының гастроэнтерологы Күлпәш Қалиасқарова.

Бұдан бөлек, кеспе балақайларды психикалық ауытқушылық пен күйзеліске ұшыратады екен. Сонымен қоса, ол қоғамда індет болып кеткен семіздіктің де бірден-бір себебкері болып шықты.

"Зиянды кеспелерді қолдануға тыйым салуға баяғыдан бері үндеу салынуда. Алайда, бұл бизнес болғандықтан бұны тоқтату қиын" , - дейді мамандар.

Олар бұл мәселе мемлекеттік деңгейде шешілмесе, ұлт денсаулығына үлкен қауіп төніп тұрғанын айтады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1762628-arzan-zne-tez-kytaj-kespesini-kesirinen-auruhanaga-tsusiler-kn-sajyn-kbeude/