Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елорда тұрғыны жол тәртібін бұзған шымкенттік "сәби" үшін айыппұл төлемек

Опубликовано:

Астана тұрғыны өшіп тұрған көлік фарлары үшін 7215 теңге көлеміндегі айыппұл төлейтін болған. Алайда, ол қарыз жүргізушілерінің тізімін көріп, таңырқап қалған. Құжат бойынша, жол тәртібін Шымкент қаласында 2018 жылдың 1 қаңтарында дүниеге келген сәби бұзған екен деп хабарлайды NUR.KZ.

Көрнекі фото: youtube.com
Көрнекі фото: youtube.com: Facebook

Азамат бұл ақпаратмен Yvision.kz порталында бөліскен. Оның сөзінше, ол бір банктен алғаш рет карта аштырмақ болған екен.

Алайда елорда тұрғыны жаңа карта иелене алмайтын болып шығыпты. Себебі, төленбеген айыппұлдары үшін оның барлық есепшоттары бұғатталып тастаған екен.

Өзінің қайда және қашан тәртіп бұзғанын біле алмаған көлік жүргізушісі күтпеген сот шешімін кезігеді.

Онда Шымкент қаласының 2018 жылы 1 қаңтарда туған азаматына көлік фарларын жақпағаны үшін айыппұл бекітілгені жазылған екен.

Алайда ЖСН нөмірі жазылатын жерде Астана қаласы тұрғынының ЖСН нөмірі тіркеліп тұрған көрінеді.

Азамат полицияда мұндай маңызды құжатты қалай тексермей бекітетінін айтып, таң қалуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1763653-elorda-trgyny-zol-trtibin-bzgan-symkenttik-sbi-sin-ajyppl-tlemek/

pixel