RU
Ресей сахнасын бағындырған қазақ әншілері кімдер?
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Ресей сахнасын бағындырған қазақ әншілері кімдер?

Рассказать Вконтакте

Күні кеше ғана еліміздің талантты әншісі Димаш Құдайберген Ресейде өнер көрсетіп, теріскейдегі көрші елдің жүрегін жаулап алған еді. Айта кетерлігі, Ресей эстрадасының жарық жұлдызына айналып, Қазақстанның атын шығарған өнер иелері жетіп артылады. Осыған орай NUR.KZ назарларыңызға Ресей эстрадасының жарық жұлдызына айналған қазақ әншілерінің тізімін ұсынады.

Коллаж: NUR.KZ

Коллаж: NUR.KZ

Кеңес одағы тұсында атағы жер жарған "На-на" тобының негізін қалаушылардың бірі – Бари Алибасовтың Шығыс Қазақстан облысы, Шар бекетінде дүниеге келгенін бірі білсе, енді бірі біле бермейді. Танымал топ жетекшісі бүгінде Ресейде тұрады. Десе де Бари Алибасов жерлестеріне жиі келіп, түрлі концерттер беріп тұрады.

Фото: Delfi

Фото: Delfi

Ресей эстрадасын бағындырған қазақ әншілерінің бірегейі Батырхан Шүкенов. Ресейлік өнер жұлдыздары "Батыр аға" жайлы жылы естеліктерімен күні бүгінге дейін бөліседі. Ал өзі кезінде ән айтқан "А студио" тобы болса бүгінгі күнге дейін Ресей эстрадасының жарық жұлдыздары болып саналады.

Фото: YouTube

Фото: YouTube

"А студио" тобының тағы бір мүшесі – Байғали Серкебаев та Ресей елінде кеңінен танымал. Атақты опера әншісі Ермек Серкебаевтың ұлы бүгінде Ресейде тұратынымен, Қазақстанға жиі келіп тұрады. Музыкант әсіресе Алматы және Астана қалаларында жиі концерт ұйымдастырады.

Фото: VistaNews.ru

Фото: VistaNews.ru

Бурят елінде туса да, 6 жасында Шығыс Қазақстанның Өскемен қаласына келіп, сонда мектеп бітірген тағы бір әнші – Сергей Зверев. Танымал стилист өз сұхбаттарында талай рет Өскеменде өткен балалық шағы туралы айтып берген еді.

Фото: Собеседник

Фото: Собеседник

Ресей сахнасын бағындырған аға буын өкілдерінің ізін – Назима, Скриптонит сынды қазақтың ұл-қыздары жалғастырды. Шымкенттік Назима әйгілі Тиматидің "Black Star" продюсерлік компаниясында өнер көрсетсе, Скриптонит өзінің рэп әндерімен Ресей елінің сүйікті әншісіне айналды.

Фото: Хабар 24

Фото: Хабар 24

Фото: gakku.kz

Фото: gakku.kz

Өзінің ерекше өнерімен ресейлік тыңдармандарды баурап алған тағы бір өнер иесі – Димаш Құдайберген. Әнші танымал композитор Игорь Крутоймен ән орындап, келер жылы Мәскеуде өзінің ән кешін ұйымдастыруды жоспарлап отыр.

Фото: russian.cctv.com

Фото: russian.cctv.com

Сіздің реакцияңыз
34
3
4
0
3
52
8
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel