Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте бір миллион теңгенің мүлігін ұрлаған қылмыскер құрықталды

Опубликовано:

Шымкент қаласында тапа тал түсте үйге ұрлыққа түсіп, бір миллион 300 мың теңгенің мүлігін ұрлаған қылмыскер қамауға алынды деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

blizko.by
Көрнекі фото: blizko.by: Instagram

Шымкент қаласындағы 112-ші шағын аудандағы үйлердің біріне қазанның үші күні сағат түскі 12 шамасында ұры түскен.

Суық қолды бөтен үйге терезе арқылы кірген. Сөйтіп үй иесінің бір миллион 300 мың теңгеге бағаланған заттарын ұрлап, бой тасалаған.

Ізін суытып үлгірген күдіктіні қарашаның 30-ы күні полицейлер құрықтаған.

Күдікті Түркістан облысы, Төле би ауданының 1989 жылы туған тұрғыны болып шыққан. Айыпталушы бұрын да сотталған, қазір жұмыссыз екен.

29 жастағы жігітке қатысты қылмыстық кодекстің 188 бабының, үшінші тармағы бойынша айып тағылуда.

"Аталмыш қылмыстық оқиға бойынша қылмыстық іс өндіріске қабылданып, тергеу жүргізілуде. Күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы ретінде екі ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі санкция берілді", -деді Шымкент қаласының мамандандырылған тергеу сотының судьясы С.Айнабеков.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1769733-symkentte-bir-million-tegeni-mligin-rlagan-kylmysker-kryktaldy/

pixel