Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жаңа-жыл жақындағанда жезөкшелердің де қызметі қымбаттап кеткен

Опубликовано:

Жаңа жыл жақындаған сайын елімізде базар бағасы ғана емес, интим нарығының құны да шарықтап кеткен. Мерекеде көңіл көтеруді қалайтын азаматтарға "Аяз ата мен Ақшақардың" образында қызмет көрсететін жезөкшелердің саны артқан екен деп хабарлайды Еуразия бірінші арнасы.

Көрнекі фото: fonwall.ru
Көрнекі фото: fonwall.ru: Twitter

Бүгінде тәнін сатып, "нан" тауып жүргендер мерекеге дайындықты бастап кеткен. Олардың қатарында мейрам күндері "Аяз ата мен Ақшақардың" образын сомдайтын қыздар да бар екен.

"Мен енді жұмысым былай айтқанда жаман емес. Мүшеқапсыз ондай жұмыс істемеймін. Қорқамын ше. Қандай ауруы бар қайдан білемін", - дейді бойжеткен.

Ал психолог Гүлнұр Асанова бұл әрекетті өздігінше түсіндірді.

"Адам бір кейіпте, бір күйде жүргеннен шаршайды ғой. Содан кейін осындай мерекелерді қолданады. Бір жағынан ақшаны да табады. Бір жағынан өзгерістерді сезінеді. Психологиялық жағынан осылай түсіндіріп өтуге болады", - дейді ол.

Жаңа жылда дүкендер тәтті-дәмділеріне жеңілдік жасаса, жезөкшелер өз тәндерін жарнамалаудан алдына жан салар емес. Олардың таңдаған маркетигтік жолдары да өз жемісін беріп жатқан сыңайлы.

Дереккөз: Еуразия бірінші арнасы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1770171-zaa-zyl-zakyndaganda-zezkselerdi-de-kyzmeti-kymbattap-ketken/

pixel