RU
Ерекше даусымен көпті тәнті еткен қазақ қызы Мәскеуді өзіне қаратты (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Ерекше даусымен көпті тәнті еткен қазақ қызы Мәскеуді өзіне қаратты (фото)

Рассказать Вконтакте

Алматылық Эльгиза Қаражанова Мәскеуде өткен "Жара Kids" байқауында "13-18 жас аралығындағы үздік орындаушы" атанып, Ресей жұртын өзіне қаратты. Қаршадай қыздың анасы Людмила Горохованың айтуынша, Эльгизаның алдағы жоспарлары да жетерлік екен деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Фото: kazpravda.kz

Фото: kazpravda.kz

Айта кетерлігі, талантты қыз бұған дейін де талай мәрте жеңіс тұғырынан көріне білген еді. "Әлемнің кішкентай аруы" атанған Эльгиза бұл жолы ән өнерінде бақ сынап көріпті.

Бұл жолы ресейлік "Жара" телеарнасы қазақстандық Эльгиза Қаражанованы "13-18 жас аралығындағы үздік орындаушы" деп таныған.

Эльгиза Қаражанова бұған дейін де талай мәрте "Жара в Вегасе" байқауына қатысқан екен.

Бұған қоса жас өнерпаз сән байқауларына қатысып, өзін жас тележүргізуші ретінде мойындатып үлгерген.

"Бізді құттықтап жатқан барша қазақстандықтарға алғысымыз шексіз. Келе жатқан жаңа жылдарыңызбен, отбасыларыңыз аман, дендеріңіз сау болсын", - дейді жеткіншектің анасы Людмила Горохова.
Сіздің реакцияңыз
0
0
1
1
0
13
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel