Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бердібек Сапарбаев әкімдер рейтингінде бірінші орыннан көріне алмады

Опубликовано:

"Стратегия" қоғамдық қорының сарапшылары жүргізген әкімдер арасындағы сауалнама нәтижесі белгілі болды. Рейтингте Алтай Көлгінов 17 орынның 14-не орналасса, Бердібек Сапарбаев үздік үштікке іліне алмаған. Бұл туралы "Уральская неделя" сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Коллаж: ғаламтордағы ашық дереккөздерден алынды
Коллаж: ғаламтордағы ашық дереккөздерден алынды: Facebook

Жыл сайынғы рейтингте облыс әкімдері мен аймақ басшыларының жұмыс тиімділігі бес өлшем бойынша жеті балдық межемен бағаланған.

Сарапшылар 2018 жылдың екінші жартыжылдығында барлық өңір әкімдерінің жұмыс тиімділігі төмендегенін алға тартып отыр.

Облыс басшыларының ешқайсысы бес балдан жоғары көрсеткішке қол жеткізе алмаған.

Сарапшылар әкімдердің жұмысын үш-төрт бал аралығында бағалаған.

Рейтинг бойынша, төрт балдан жоғары көрсеткішке төрт әкім ие болған:

Бауыржан Байбек (Алматы, бірінші орын — 4,54 балл),

Қырымбек Көшербаев (Қызылорда облысы, екінші орын — 4,43 балл),

Ғабидолла Әбдірахымов (Шымкент, үшінші орын — 4,11 балл),

Бердібек Сапарбаев (Актөбе облысы, төртінші орын — 4,07 балл).

Айта кететін жайт, сауалнама нәтижесі бойынша Алтай Көлгінов 3,49 балмен 17 орынның 14-не жайғасқан.

Скриншот: ofstrategy.kz
Скриншот: ofstrategy.kz: Facebook

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1772086-berdibek-saparbaev-kimder-rejtinginde-birinsi-orynnan-krine-almady/

pixel