Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жезқазғанда әйелін атып өлтірген азаматқа қатысты сұмдық жайт анықталды

Опубликовано:

Жезқазған тұрғыны әйелін түскі асқа шақырып, қаланың сыртына апарып, аңшылық мылтықпен басынан атып өлтірген деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Ғаламтордағы ашық дереккөздерден алынды
Фото: Ғаламтордағы ашық дереккөздерден алынды: UGC

Ерлі-зайыптылар жиі ұрысқан көрінеді. Марқұмның туыстары бұған күйеуінің көзге шөп салуы себеп болғанын айтады.

Оқиға 5 желтоқсан күні болған.

Отағасы Орынғали №73 шахтада бөлім жетекшісі, ал марқұм Гүлназ банк маманы болып қызмет етіпті.

"Ол әріптестеріне күйеуімен түстенуге кеткенін айтқан. Ал күйеуі оны қала сыртына апарып, басына оқ атқан", - деді қайғыдан қан жұтқан марқұмның сіңлісі Аяулым.

Жараланған әйелін ер адам ауруханаға "Тойота" көлігімен өзі жеткізген. Бірақ ауыр жарақат алған әйел адам келесі күні көз жұмды.

"Дәрігерлерге мұзға құлап қалды деп айтқан. Бірақ бұл оқтан болған жарақат екенін бірден анықтаған", - деді Аяулым.

Сарапшылар марқұмның тырнақ астынан тері мен қанталаған жараларды анықтаған, бұл - оның күйеуіне қарсылық көрсеткенінің дәлелі.

"Жездем психикалық ауытқу жағдайында болдым деп отыр. Бірақ қылмыс жасаған кезде ол сау болған. Жұмысында қызметкерлеріне тапсырма беріп, өзін қалыпты ұстаған", - деді Аяулым.

Гүлназдың ата-анасы балаларын қамқорлықтарына алуға арыз берген. Әйел адамның туыстары тергеу әділ жүргізілгенін қалайды.

Марқұмның күйеуіне қатысты қылмыстың клдекстің 99 бабы "Кісі өлтіру" бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Еске сала кетейік, Жезқазған тұрғыны 27 жастағы әйелін басынан атып жіберген болатын. Әйел адам жансақтау бөлімінде көз жұмды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1772769-zezkazganda-jelin-atyp-ltirgen-azamatka-katysty-smdyk-zajt-anyktaldy/

pixel