Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Денистің өліміне күдікті Қиясов спортшыға қалай пышақ сұққанын айтты

Опубликовано:

Алматыда Денис Теннің өліміне қатысты сот отырысында үшінші күдікті Нұралы Қиясов жауап берді. Ол танымал спортшы қаза болған қайғылы оқиғаның қалай болғанын толығымен баяндады. Алдыңғы тыңдалымда ол денсаулығына байланысты сөз сөйлеуден бас тартқан болатын деп хабарлайды NUR.KZ.

Нұралы Қиясов Денис Тенге қалай пышақ сұққанын айтып берді
Нұралы Қиясов. Фото: NUR.KZ: Instagram

Тағы да оқыңыздар:

Нұралы Қиясов Денис Тенді өлтіргенін толығымен мойындады

Денис Теннің өлімі: Күдікті Жанар Толыбаева сотта жауап берді

Тағы бір сот-медицина сарапшысы Денистің екі бірдей жарақат алғанын айтты

Нұралы Қиясов танымал спортшыға пышақты өзі сұққанын мойындады. Күдікті Денис Теннің қалай өлтірілгенін ашып айтты.

"Мен өз кінәмді мойындаймын. Бірақ айтқым келгені, бізде оған қатысты алдын ала сөз байласу мен жоспар деген мүлде болған жоқ. Ұрлыққа бардық негізі, адам өлтіруге емес. 18 шілде күні үйде болдым.

Таңертең қызым келіп, екіқабат екенін айтты. Ол Алатау ауданының тәртіп сақшыларымен бірге келген. Арман екеумізді полиция басқармасына алып кетті.

Он екіден кейін шықтық ол жерден. Сосын мен кішкене такси болып, адам тасымалдадым. Үйге сағат бестерде оралдым.

Үйде ағам, жеңгем, інім, Арман және Жанар болды. Кешкі алтыларда Жанар моншаға кетті. Мен ақшадан қиналып, Арманнан сұрадым. Ол ақша жоқ екенін жеткізді.

Қаражат Манзураның (Нұралының қызы - ред.) дәрісіне және оның пәтерін төлеп беруге керек болды.

Арман екеуміз тағы "таксовать" еттік. Жанарды моншадан алып кетіп, үшеуміз тамақтануға бардық. Қала ішінде дәріхана іздедік.

Біз ұл бала болған соң, түсікке арналған дәріні сұрауға ұялдық. Сол себепті оны Жанарға тапсырдық. Бірақ дәріні рецептсіз бермейтінін білдік.

Сосын Наурызбай батыр-Мәметовадан пәтер жалдап, Жанарды тастап кеттік. Біз ары қарай шаруаларымызбен кеттік. Үш-төрт мыңдай ақша таптық.

Таңға жуық үйге қайттық. Ол пәтерді Арман өзі жалдады. Жанар өзінің қызы болған соң, олар оңаша қалғысы келген", - деп баяндайды Нұралы оқиғаны.

Әрі қарай ол Денис Тен қаза тапқан қайғылы жағдайдың қалай болғанын айтып берді.

"19-ы күні сағат 13:30 немесе 14:00 шамасында ояндық. Қалаға шықтық. Мен қаланы аса білмеймін. Сол себепті маған жолды нұсқап отырды.

Арман маған үш-төрт көлікті көре салап, шаруаны ақ көліктен бастайтынымызды айтты. Мен біздің көлікті қоятын тұрақ іздедім.

Көліктен Арман екеуміз түстік. Ол маған бастапқыда "қала бер" деген. Бірақ мен "жарайды бара салайын", - деп айттым. Жанарға "көлікте қал" дедік. Ол басында келісіп, кейіннен далаға шығып кетті.

Жолдың шетінде тұрған ақ көлікті көрдік. Арман сөмкені маған берді. Ол қолына қолғап киіп, жүргізуші жақтағы айнаны шеше бастады.

Адамдар көбейіп кеткен соң, ол екінші айнаны шешпей тұра тұрды. Мен жан-жағыма қарап, темекі шегіп отырдым. Бір қарасам, көліктің алдында төбелес басталып кетіпті.

Мен көліктің артынан есептегенде жеті метрдей қашықтықта болдым. Мен Арманның екінші терезені шешіп жатқанын көрмедім.

Мен Денистің келгенін аңғармай қалдым. Бірден төбелес басталып кеткен сәтте бір-ақ көрдім.

Сосын Арманның спорт ауласына қарай қашып бара жатқанын байқадым. Бірінші рет Денис оны тратуарда ұстап алды, екінші рет оны спорт ауласында қуып жетті.

Мен олардың артынан жүгіріп барған жоқпын. Арман қашып кетер деп, тратуарда отыра бердім. Жай жақындай бастадым, ол кезде Арман белдікпен ұрып жатқан.

Мен тергеу барысында пышақпен ойнап отырғанымды айтпадым. Себебі, мен ондай әрекет жасаған жоқпын. Бұл - жалған мәлімет.

Сөмкеде айнаны шешу үшін қажет пышақ және тағы бірнеше құрал-сайман болды. Бір қарағанымда Арман торға тақалып, құлап бара жатқанын көрдім.

Сол кезде мен сөмкеден пышақты алып, оларға қарай беттедім. Денистің артынан келіп, қолынан тарттым. Ол маған қарады. Менің қолымда пышақ болды.

Ол пышақты көріп шошып кетер деп ойладым. Бірақ ол қорықпады. Мен пышақтың қалай кіріп кеткенін түсінбей де, аңғармай да қалдым.

Артқы жақтан оң жағынан келдім, сол кезде пышақ кіріп кетті. Сосын мен бірден Арманға қарадым. Ол тұрып, екеуміз оқиға орнынан қашып кеттік.

Біз талдарға қарай бағыт алдық. Артынан мен пышақты лақтырып жібердім. Өз көлігімізге жеткен соң, біз Жанарды алып кеттік.

Сайранға келген соң, біз беті-қолымызды жудық. Арамызда «өлмейтін шығар» деген әңгіме болды.

Сосын мен үй жаққа бардым. Ағам қатты ашулы болып отыр екен, мен одан таяқ жедім. Сол күні сағат кешкі он шамасында мені полиция қызметкерлері тұтқындады" , - деді Қиясов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1773001-denisti-limine-kdikti-kiasov-sportsyga-kalaj-pysak-skkanyn-ajtty/

pixel