Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Денис Тен ісі: Нұралы Қиясов сот алдында жауап беруден бас тартты

Опубликовано:

Денис Теннің өліміне күдікті деп танылған Нұралы Қиясов сот алдында жауап беруден бас тартты. Сотталушы денсаулығына байланысты бүгінгі сот алдында сөйлей алмайтынын жеткізген деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: ВКонтакте әлеуметтік желісінен
Фото: ВКонтакте әлеуметтік желісінен: Depositphotos

Алматыда танымал спортшының өліміне қатысты өтіп жатқан сот отырысында күдіктілердің бірі жауап бермеді.

Нұралы Қиясов асқазаны ауырып, денсаулығы нашарлағандықтан іске қатысты мағлұматтармен бөлісе алмайтынын түсіндірген.

Күдікті оқиғаға қатысты өзіне мәлім болған жайттарды дүйсенбі күні айтып беретінін мәлім етті.

Еске сала кетейік, Алматыда марқұм Денис Теннің ісіне қатысы сот отырысы жалғасуда.

Бүгінгі тыңдалымды күдіктінің бірі Арман Құдайбергенов оқиғаның қалай болғанын баяндап, спортшының анасы мен қазақстандықтардан кешірім сұраған.

Сондай-ақ, Құдайбергенов не себепті басында қылмысын мойындап, кейін теріске шығарғанын түсіндірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1772691-denis-ten-isi-nraly-kiasov-sot-aldynda-zauap-beruden-bas-tartty/

pixel