Кілең қазақтар: Астаналықтар жаппай "крещение" мерекесіне қатысып, мұздай суға сүңгіді (фото)
Жарияланған күні:
Астанада христиандардың "крещение" мерекесі жаппай атап өтілуде. Ерке Есілге жиналған қала тұрғындары кешелі бері мұздай суға сүңгіп әлек. Бір қызығы, христиандардың атаулы мейрамында кілең қазақтар суға түсіп жатыр деп хабарлайды NUR.KZ.
Астаналықтар Есіл бойындағы суға түсу алаңына тайлы-тұяғы қалмай жиналды. Мұздай суға түскендер мен осы көріністі тамашалауға келгендердің қатарында еңкейген қариядан бастап кішкентай бүлдіршіндерге дейін болды.
Елордада күн райы таңғы уақытта аяз болғанымен, кеш бата күн жылына түсті. Сынап бағанасы бар болғаны "-11" градусты көрсетіп тұрды.
Десе де, тұрғындар сүңгіп шыққан судың температурасы болса күн райындай жылы болмады. Мұздай су дене түгілі, қолды қарып түсетіндей салқын болды.
Суға түскен астаналықтардың денін ер адамдар құрады.
Бір қызығы, христиандардың "крещение" мерекесіне жиналғандардың қатарында қазақтар көп болды.
Олар бірінен соң бірі суға түсіп, су жанындағы шатырға кірумен болды.
"Суға түсіп, шоқынып кетпейміз. Тек денемізді шынықтыру мақсатында келіп тұрмыз. Мұздай суға сүңгіп, тамаша сергіп қалдық", - дейді қала тұрғындарының бірі.
Суға шомылу алаңы жанында төтенше жағдайлар қызметі, жедел-жәрдем мамандары мен полиция қызметкерлері тұрды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1774034-kile-kazaktar-astanalyktar-zappaj-kresenie-merekesine-katysyp-mzdaj-suga-sgidi-foto/