Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бір шикілік бар: Отандық жұлдыздар Гауһар Әлімбековаға қолдау білдіруде (фото)

Жарияланған күні:

"Алаяқтық жасады" деп айыпталып, 6 жылға сотталған Гауһар Әлімбекова жайлы жаңалықты естіген әншілер есеңгіреп қалған. Еліміздің шоу-бизнес өкілдері мен танымал тұлғалары ақша жинап, істі болған әріптестерінің қарызын жауып бермек деп хабарлайды NUR.KZ.

Олардың арасында Жазира Байырбекова, Ләйлә Сұлтанқызы, Гүлзира Айдарбекова, Ғани мен Бота бар.

"Бұл қалай болғаны? Бұл жерде бір шикілік бар. "Қоңыраттың ақболатымыз" деп екеуміз мақтанатын едік. Мендегі барлық нөмірге хабарластым. Бәрі өшірулі! Гүлнәр (сіңлісі), кім бар бауырларынан? Маған хабарласыңыздаршы", - деді Ләйлә Сұлтанқызы Instagram парақшасында.
Ал Ғани мен Бота: "Гауxарға барынша қолдау көрсетейік, құрметті әріптестер! Біреудің алдап-арбауына түсіп қалған секілді", - деп көпшілікке үндеу тастаған.

"Талантты сазгер, әнші әпкеміз Гауxар Әлімбекованың басындағы мән жәйды анық білмеген соң, қасында жүрмеген соң, xалыққа ешқандай ақпарат бере алмаймын. Кеше түнде Instagram-нан көріп, жаным ауырды. Бұл жерге жарнама жасағандай болып отыра бермей, барлық әріптестерім мен Гауxарға қол ұшын бергісі келетін тыңдармандардың бір жерге жиналғанын қалаймын", - деп жазды Жазира Байырбекова Instagram парақшасында.

Ал Нұрлан Албан өзінің қолдан келетін көмегін аямауға сөз берді.

"Шамамның келгенінше,қол созуға дайынмын. Айтарға сөз таба алмай отырмын", - деп істі болған әріптесін қолдайтынын білдірді.

Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова әншіні табалай бермей, қол ұшын созуға дайын екенін жеткізді.

"Онсызда xалықтың алдында жер болып отырғанында жерге тықпайық ағайын "Бәле аяқ асты" деген, бір шикілік бар сияқты. Өте ақ көңіл, жүрегі кең, ашық мінезді болатын, мүмкін бір қателік орын алып жатқан болар. Қолдан келсе, кір іздеп, мін тақпай сырттай жөн-жосықсыз әр түрлі әңгімені жазбай-ақ қояйық", - дейді Instagram парақшасында.

Айта кетейік, басына іс түскен Гауһар Әлімбековаға қолдау білдірушілер арасында Мұхтар Ханзада, Бақыт Шоу, Абай Бегей де бар.

Естеріңізге сала кетейік, 30 қаңтар күні Гауһар Әлімбекованың "алаяқтық" үшін 6 жылға сотталғаны белгілі болды.

Ал танымал журналист Бибігүл Дәулетбекқызы көпшілікке әншінің қарыз болған 40 мың АҚШ долларын жинап беруді ұсынды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1776010-bir-sikilik-bar-otandyk-zldyzdar-gauar-limbekovaga-koldau-bildirude-foto/