"Тәубесіне келетін шығар": Әлімбекованы сотқа берген құрбысы өз шындығын айтты
Жарияланған күні:
Күні кеше алаяқтық жасады деп айыпталып, 6 жылға бас бостандығынан айырылған Гауһар Әлімбекованың құрбысы мәлімдеме жасады. Бақыт Назарова әнші қателігін мойындайды деп күткен көрінеді деп хабарлайды 31 арна.
Жәбірленушінің айтуынша, ол Гауһар Әлімбекованы тәубесіне келтірмек болыпты.
"Мен үмітімді соңғы сәтке дейін үзбедім. Оған барлық жағдайды жасадым. Өмірде кім қателеспейді? "Қателігін мойындайтын шығар", "Тәубесіне келетін шығар" деп осы күнге дейін күтіп едім. Оның қазіргі жүзінен-ақ қатесін мойындаудан аулақ екенін байқап отырмын", - дейді әншіні сотқа берген Бақыт Назарова.
Естеріңізге сала кетейік, 30 қаңтар күні Гауһар Әлімбекованың "алаяқтық" үшін 6 жылға сотталғаны белгілі болды.
Ал танымал журналист Бибігүл Дәулетбекқызы көпшілікке әншінің қарыз болған 40 мың АҚШ долларын жинап беруді ұсынды.
Отандық әншілер де журналистің сөзіне қолдау білдіріп, Гауһар Әлімбековаға көмек көрсетуге дайын екенін жеткізді.
Сондай-ақ әншінің адвокаты Жұмағали Зинелов істің мән-жайын ашып айтып, әншінің де бұл істе құрбан екенін мәлім етті.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1776250-tubesine-keletin-sygar-limbekovany-sotka-bergen-krbysy-z-syndygyn-ajtty/