Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Гауһар Әлімбекова түрмеден босап шықты

Жарияланған күні:

Алты жылға темір торға тоғытылған танымал әнші Гауһар Әлімбекова сот шешімі күшіне енетін уақытқа дейін қолхатпен босатылды. Бұл туралы соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Tengrinews.kz хабарлайды.

"Алмалы аудандық соты Әлімбекованың адвокатының оны қамауға алу туралы бұлтартпау шарасы заңды күшіне енгенше қолхатпен босату туралы өтінішін қанағаттандырды", - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, 30 қаңтар күні Гауһар Әлімбекованың"алаяқтық" бабымен айыпты деп танылып, 6 жылға бас бостандағынан айырылғаны белгілі болды.

Осыдан кейін журналист Бибігүл Дәулетбекқызы көпшілікке әншінің құрбысына қарыз болған 40 мың АҚШ долларын жинап беруді ұсынды.

Отандық өнер иелері де журналистің сөзіне қолдау білдіріп, Гауһар Әлімбековаға көмек көрсетуге дайын екенін жеткізді.

Әншінің адвокаты Жұмағали Зинелов істің мән-жайын ашып айтып, Әлімбекованың да бұл істе құрбан екенін мәлім етсе, танымал заңгер Орынбасар Тілепбергенов әншінің қандай жағдайда бостандыққа шыға алатынын айтқан еді.

Сонымен қатар, Гауһар Әлімбекованы сотқа берген құрбысы Бақыт Назарова іске қатысты пікір білдіріп, құрбысының абақтыға жабылғанын қаламағанын айтқан болатын.

Ал Гауһардың ағасы Әділхан Әлімбеков қолдау көрсеткен барша жұртқа алғысын білдіріп, оқиғаның мән-жайын өзі баяндады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1776742-gauar-limbekova-trmeden-bosap-sykty/