RU
"Мұндай болмас еді": Бес қызынан айырылған жанұяның көршісі жанайқайын жеткізді

"Мұндай болмас еді": Бес қызынан айырылған жанұяның көршісі жанайқайын жеткізді

Рассказать Вконтакте

Астанада өрт салдарынан бір түнде бес қызынан бірдей айырылған жанұяның көршісі мемлекетке өз өкпесін айтты. Қайғылы жағдайдан соң есін жинай алмай отырған келіншектің видеосы әлеуметтік желіге тарап кетті деп жазады NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр, Facebook/ Артур Магзомов

Фото: Видеодан кадр, Facebook/ Артур Магзомов

Көзі жасқа толған әйел қазір, тіпті, айтарға сөзі жоқ екенін жеткізді.

"Егер ол (марқұмдардың анасы- ред) пәтер үшін жүгіріп жүргенде мемлекетіміз бір жауап қатқанда, мұндай жағдай орын алмас еді деп ойлаймын. Мен қазір олардың жандарына да бара алмаймын. Біз түнімен ұйықтамай жүрміз. Мен оларға не айту керек екенін де білмеймін", - деп жылады келіншек.

Естеріңізге сала кетсек, 4 ақпан күні түнде елорданың Сарыарқа ауданындағы Көктал-1 тұрғын алабында өрт шыққан. Өртті сөндіру барысында 2006, 2008, 2014, 2016, 2018 жылы дүниеге келген бес баланың денесі табылған. Олардың ең кішісі әлі бір жасқа да толмаған сәби болған.

Бұл қайғылы оқиғадан соң қала әкімі шұғыл кеңес өткізген. Ал бұл жағдай орын алмас бұрын Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері үйдің қауіпті екенін ескертіпті. Артынша Астанада көз жұмған 15 жастағы қыздың хаты жұрттың жүрегін ауыртты.

Күні кеше қайғылы жағдайға қатысты Ішкі істер вице-министрі жауап берді. Анықталғандай, жанұяның тұрмысы төмен болмаған. Ал балалар жер қойнауына 5 ақпан күні тапсырылады.

Аталған оқиғаға қатысты өткен баспасөз конференциясында Астана қаласы әкімдігі баспасөз қызметінің басшысы көз жасын тия алмады.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
22
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel