RU
Өрттен көз жұмған бес қыздың ата-анасына көмек: Алаяқтар жалған шот ашқан
Жаңалықтар Қоғам

Өрттен көз жұмған бес қыздың ата-анасына көмек: Алаяқтар жалған шот ашқан

Рассказать Вконтакте

Ақпанның 4-і күні Астанадағы Көктал-1 тұрғын алабында шыққан өрттен қайтыс болған бес қыздың жақындарына көмек көрсетуді желеу еткен жалған шоттар ашыла бастаған. Елімізге танымал тұлғалар көпшілікті алаяқтарға алданбай, тек марқұм қыздардың анасының атынан ашылған шотқа ақша салуға шақырды деп жазады NUR.KZ.

Бұл жайында әншілердің жазбасына пікір білдірген оқырмандар жарыса жазды.

"Алла сабыр берсін! Мына шот дурыс па? Шынайы ма? Әйтпесе, осы қайғылы оқиғаны пайдаланып жатқандар көп. Кеше Whatsapp-тан үш түрлі шот келді", - деп жазды Айзада есімді желі қолданушысы.

Ал өзге желі қолданушысы қайырымдылық жасаймын деп, алаяқтардың шотына ақша аударғанын жеткізді.

"Мен алаяқтарға салып қойдым! Қап, Құдай-ай! Бұйырсын енді", - дейді Раушан есімді пікір білдіруші.

Айта кетейік, қазіргі уақытта қыздардың анасының атынан ашылған бір ғана шот белгілі.

Аты-жөні: Ситер Жанымгүл Амангелдіқызы

Каспий Gold: 5169 4931 5217 1321

ЖСН: 860806451497

Естеріңізге сала кетейік, отандық шоу-бизнес өкілдері қайғыдан қан жұтқан отбасыға қаржылай көмек көрсетуге шақырды.

Естеріңізде болса, 4 ақпан күні түнде елорданың Сарыарқа ауданындағы Көктал-1 тұрғын алабында өрт шыққан. Өртті сөндіру барысында 2006, 2008, 2014, 2016, 2018 жылы дүниеге келген бес баланың денесі табылған. Олардың ең кішісі әлі бір жасқа да толмаған сәби болған.

Бұл қайғылы оқиғадан соң қала әкімі шұғыл кеңес өткізген. Ал бұл жағдай орын алмас бұрын Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері үйдің қауіпті екенін ескертіпті. Артынша Астанада көз жұмған 15 жастағы қыздың хаты жұрттың жүрегін ауыртты.

Күні кеше қайғылы жағдайға қатысты Ішкі істер вице-министрі жауап берді. Анықталғандай, жанұяның тұрмысы төмен болмаған. Ал балалар жер қойнауына 5 ақпан күні тапсырылады.

Аталған оқиғаға қатысты өткен баспасөз конференциясында Астана қалас әкімдігі баспасөз қызметінің басшысы көз жасын тия алмады.

Сіздің реакцияңыз
3
0
0
5
1
0
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel