RU
Бес баланың ажалы: Жақыпова түнде жұмыс істеген ата-анаға қатысты пікір білдірді
Жаңалықтар Қоғам

Бес баланың ажалы: Жақыпова түнде жұмыс істеген ата-анаға қатысты пікір білдірді

Рассказать Вконтакте

Журналистер үкімет отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыповадан министрлік Астанада бес баланың өліміне себепкер болған өрттен кейін көп балалы отбасыларға мемлекеттік қолдау шараларын қайта қарастыра ма деген сұрақ қойды. Бұл туралы NUR.KZ хабарлайды.

Светлана Жақыпова. Фото: kp.kz, коллаж: NUR.KZ

Светлана Жақыпова. Фото: kp.kz, коллаж: NUR.KZ

Тағы оқыңыздар:

Бес қыз өлім құшты: Әбілқасымованың отставкаға кетуін көпшілік талап етті

Ағайынды бес қыздың өлімі: Қазақстанда қаралы күн жариялана ма?

Қасымов бес баланың өліміне әкелген тілсіз жаудың шығу себебін айтты

"Қазақстанда 4 және одан да көп баланы тәрбиелеп отырған жанұя көпбалалы отбасы деп санайды. Бұл ұғым неке және отбасы кодексінде белгіленген. Көп балалы отбасылар арнайы мемлекеттік жәрдемақы алады. Егер табысы төмен болған жағдайда, ондай жанұяға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалады", - деді ол.

Оның мәліметінше, бүгін министрлік көп балалы отбасыларды қолдау туралы шараларды жетілдіру мәселесін қарастыруда.

"Ешқандай шара қабылданбады деп ойламаңыздар", - деді ол.

Журналистердің "неге ата-аналар түнгі ауысымда жұмыс істейді" деген сұрағына Жақыпова:

"Бұл олардың таңдауы" деп жауап берді.

Еске сала кетсек, 4 ақпан күні түнде Астананың Сарыарқа ауданындағы Көктал-1 тұрғын алабында өрт шыққан. Өртті сөндіру барысында 2006, 2008, 2014, 2016, 2018 жылы дүниеге келген бес баланың денесі табылған. Олардың ең кішісі небәрі тоғыз айлық сәби болған.

Бұл қайғылы оқиғадан соң қала әкімі шұғыл кеңес өткізген. Ал бұл жағдай орын алмас бұрын төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері үйдің қауіпті екенін ескертіпті. Артынша Астанада көз жұмған 13 жастағы қыздың хаты жұрттың жүрегін ауыртты.

Күні кеше қайғылы жағдайға қатысты Ішкі істер вице-министрі жауап берді. Анықталғандай, жанұяның тұрмысы төмен болмаған. Ал балалар жер қойнауына 5 ақпан күні тапсырылады.

Аталған оқиғаға қатысты өткен баспасөз конференциясында Астана қаласы әкімдігі баспасөз қызметінің басшысы көз жасын тия алмады.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel