Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Апалы-сіңлілі бес қыздың өлімі: Қазақстанда қаралы күн жариялана ма?

Опубликовано:

Қазақстандықтар Астанадағы өрттен қайтыс болған апалы-сіңлілі 5 қыздың өліміне байланысты ұлттық қаралы күн жариялауды сұрап жатыр. Алайда бұған қатысты ресми түрде мәлімдеме жасалған жоқ деп хабарлайды NUR.KZ.

Көрнекі фото: chuprale-online.ru
Көрнекі фото: chuprale-online.ru: Facebook

Әрі қарай оқыңыздар:

Жантүршігерлік қаза: Шенеуніктер астаналық жанұяның жағдайынан хабарсыз болған

Белсенді блогер Астанадағы кішкентай қыздардың өлімі туралы күйінішін айтты

Бес қыздың өліміне көңіл айтқан астаналық баспасөз хатшысы жылап қалды (видео)

Қазақстанда бұған дейін қаралы күн көптеген адам қайтыс болған жағдайда жарияланып келеді.

Мысалы, 2016 жылы 9 маусымда Ақтөбедегі лаңкестік оқиғаға байланысты қаралы күн белгіленді.

5 маусым күні Ақтөбеде экстремистер тобы қару-жарақ дүкеніне шабуыл жасап, сатушыны азаптап өлтіріп, 17 суық қаруды алып кеткен еді.

Кейінірек экстремистер екіге бөлініп, әскери бөлім мен "Пантера" қару-жарақ дүкеніне шабуыл жасаған.

2013 жылы 31 қаңтарда Көкшетаудан Алматыға бағыт алған SCAT компаниясының ұшағы құлап, 21 адам қайтыс болды. Осыған байланысты елімізді қаралы күн жарияланған.

2012 жылдың 27 желтоқсанында Астанадан Шымкентке бағыт алған әскери ұшақ құлады. Бортта 7 экипаж мүшесі, 20 әскерилер болған. Олардың бәрі қайтыс болып, қаралы күн жарияланған еді.

2012 жылы 5 маусымда "Арқанкергенде" болған атыстың салдарынан 15 адам қаза тапты. Олардың 14-і әскерилер еді.

Көптеген адамның өмірін қиған атыста тірі қалған Владислав Челах күдікті ретінде ұсталды.

Қызылағаштағы табиғат апатынан 45 адам опат болды, олардың 11-і балалар болатын.

12 наурыз күні түнде бөгет жарылып Қызылағаш ауылын су басып қалған еді. Қайғылы жағдайға байланысты 16 наурыз күні қаралы күн белгіленді.

2008 жылы 14-16 қаңтарда Қарағанды облысы "Абай" кен орнында жарылыс болып, қаралы күн жарияланды. Апат салдарынан 30 адам қайтыс болып, өртті бір күнде ауыздықтады.

2006 жылы 22 желтоқсанда кен орнындағы қайғылы оқиғаға байланысты қаралы күн белгіленді. Метан жарылысы салдарынан 41 қызметкер өмірден өткен болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1776858-apaly-silili-bes-kyzdy-limi-kazakstanda-karaly-kn-zarialana-ma/

pixel