Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде жолдасы алты баламен тастап кеткен ана өлместің күнін кешіп жүр (фото)

Жарияланған күні:

Ақтөбеде алты балалы жалғызбасты ана өлместің күнін кешіп жүр. Келіншек балаларын асырау үшін емізулі баласын тастап, ертеден кешкен дейін еден жуады. Ал жолдасы ішімдікке салынып, алты баласымен тастап кеткен деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Depositphotos

Алты баламмен қуықтай бөлмеде тұрып жатқанын айтқан Гүлназира Смағұлованың сөзінше, қазір үйінде газ да, су да жоқ.

"Суды тасып ішіп отырмыз. Көрші үйден тартылған жылумен амалдап отырмыз. Қыздарым бірін-бірі жауып тұрып, кезектесіп тазикке жуынады. Суды шай ішкен кезде де, жуынған кезде де су қайнатқышпен қыздырамыз. Өзім орталық базарда еден жуушы болып істеймін.
Жолдасым жоқ, ол кісі бізді тастап кетті. Мүлде хабарласпайды, алимент те төлемейді. Бір рет алиментке жазғанымда айқай шығарып балаларымның мазасын алды. "Алиментке бермей-ақ қояйын, өзіңнің балаларың ғой, көмектесіп тұрсаңшы" деп келіспек те болдым, болмады", - дейді Гүлназира Смағұлова.
Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Depositphotos

33 жастағы келіншек аядай бөлмені үш жылдан бері паналап келеді. Гүлназира еден жуғаны үшін алатын 47 мың теңге мен 10500 теңге болатын балалардың жәрдемақысымен күнелтіп отыр. Алты бала өсіріп отырған жалғызбасты ананың барлық кірісі осы.

"Әйтеке би ауданында Белқопа деген ауылдық жерден келдік. Жолдасым ішімдікке салынып кетті. Ауылда күн-көріс болмаған соң қалаға келген едік. Анамның қасында еден жуушы, аула сыпырушы болып жұмыс істеп жүрмін. Қыздарым сабақты жақсы оқиды.
Бұрын балалар №22 мектепте оқыған кезде басшылығы әр мезгіл сайын балалардың киімдерін алып беріп, жағдай жасайтын еді. Қазір №62 мектепке барып жүрміз. Бұл жақта ешқандай көмек жоқ. Қазір балаларымды өзім киіндіріп отырмын. Үлкеніне алып беремін. Әрі қарай бір бірінен қалғанын киеді", - дейді келіншек.
Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Depositphotos

Жалғызбасты ананың 13 жастағы ұлы мен 11, 10 және 8 жастағы қыздары мектепке барады. Ал 4 жастағы қызы мен 1,5 жастағы ұлы үйде. Екі кішкентайды үлкендері сабақтан кейін кезектесіп қарайды. Балалар сабаққа бірін-бірі ертіп барып келіп жүр.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Depositphotos

Есіктен жел үріп тұрған соң келіншек кішкентайын бесікке жатқызады. Жоқшылықта барына риза болып отырған ана бесікте жатқан баласын қол сүлгісіне орап, басына балаларының киімін төсеген.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Instagram

Жалғызбасты анаға көмек көрсетушілер мына телефонға хабарласа алады: 8771 294 73 70

Карта нөмірі 6233 5710 4839 6747 Халық банкі

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1778059-aktbede-zoldasy-alty-balamen-tastap-ketken-ana-lmesti-knin-kesip-zr-foto/