Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Потенцияға арналған дәріні ішкен шымкенттік жігіт қайтыс болды

Опубликовано:

Шымкент тұрғындары потенцияға арналған дәріні қолданып, уланып қалған. Олардың бірі есін жимастан қайтыс болып, қалған екеуіауруханаға жеткізілген деп жазады NUR.KZ.

Фото: ria.ru
Фото: ria.ru: UGC

Оқиға екінші ақпан күні орын алған.

Түскі ас уақытында үш жігіт таныстары ұсынған дәріні ішіп көрген. Алайда, іші ауырып, жағдайы нашарлап кеткен олар жедел шақырмақ болады.

Нәтижесінде, азаматтардың бірі ауруханаға жетпей қайтыс болған. Қалған екеуі әлі де емханада жатыр.

Шымкенттің полиция департаменті оқиғаның болғанын растап, оған қатысты ресми мәлімдеме жасады.

"Оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. Жігіттердің нақты неден уланғанын анықтау мақсатында арнайы сараптамалар тағайындалған. Оның нәтижесіне байланысты шешім қабылданады" , - деді департаменттің баспасөз қызметі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1778505-potenciaga-arnalgan-drini-isken-symkenttik-zigit-kajtys-boldy/

pixel