Ақтөбеде балалары шулаған көпбалалы жанұяға айыппұл салынды
Жарияланған күні:
Ақтөбе тұрғындары Грачевтер отбасында жеті бала.Жуырда көпбалалы отбасын көршілері балалардың шуына шағымданғандықтан, алты мың теңге айыппұл салған. Бұл туралы "Мой ГОРОД" сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.
Грачевтар жетімдер үйінің түлектері. Үлкендері жетінші сыныпта оқыса, кенжелері жаңа туылған. Үйге кезекте тұрғанмен, пәтерді әлі ала алмай жүр. Сондықтан пәтерді жалға алып отыр екен.
"Көршілер үнемі балалардың шулағанына шағымданады. Біз бірнеше мәрте пәтер ауыстырдық. Бес мектеп ауыстырдық. Екі бөлмелі пәтер үшін 55 мың теңге төлейміз. Бұл Романның бүкіл жалақысы", - деді Инна.
Көпбалалы ананың сөзінше, жуырда ол "Күміс алқа" белгісін алыпты. Наурыздан бастап жәрдемақы 16 160 теңгені құрайды. Әзірге одан да аз.
Жақында жәрдемақымның алты мың теңгесін айыппұлға төледім. Балалар ойнайды, ауырады, жылайды. Кішкентайларға тыныш отыру керегін ұқтыра алмайсың.
"Алты мың теңгеге бір қап картоп, бес литр май, балаларға сүт алуға болатын еді",- деді көпбалалы ана.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1778618-aktbede-balalary-sulagan-kpbalaly-zanaga-ajyppl-salyndy/