RU
Күйеуін қайтару үшін баласының денесіне ине қадаған әйел сотталды
Жаңалықтар Әлемде

Күйеуін қайтару үшін баласының денесіне ине қадаған әйел сотталды

Рассказать Вконтакте

Өткен жылы Ресейге жұмысқа кеткен күйеуін қайтару үшін, тоғыз айлық баласының денесіне он ине қадады деп айыпталған тәжікстандық әйел сотталды. 29 жастағы Мухайё Якубова сот шешімімен сегіз жылға бас бостандығынан айырылған деп хабарлайды "Азия Плюске" сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Мухайё Якубова. Фото: Радио "Озоди"

Мухайё Якубова. Фото: Радио "Озоди"

Якубова Тәжікстандағы Сарықышты ауданының тұрғыны. Ол баласының аяқ-қолы мен бас сүйегіне он ине тықты деп күдіктелген.

"Әйел адам Тәжікстаннық қылмыстық кодексінің 110 бабы бойынша кінәлі деп табылды. Ол әзірге бостандықта. Сот үкімі әлі заңды күшіне енбеген. Ол он күн ішінде сот шешіміне шағым түсіре алады", - деп айтылды сотта.

Алайда Мухайё Якубованың өзі кінәсін мойындамаған ол тағылған айыппен келсіпейді. Ол "Озоди" радиосына берген сұхбатында, туған баласына ине тықпағанын және ондай әрекетті ешқашан жасамайтынын мәлім еткен.

Айта кетейік, әйел адам 2018 жылдың шілдесінде қолға түскен. Алғашқыда ол күйеуін қайтару үшін діни рәсім істегенін мойындаған. Алайда көп ұзамай полицейлердің қорқытуымен осылай айтуға мәжбүр болғанын жеткізді.

Өткен жылдың шілдесінде 9 айлық Муддасирдің туыстары дәрігерлердің көмегіне жүгінген. Тексеру барысында нәрестенің аяғы мен бас сүйегінен, мойны мен кеудесінен ине табылды.

Көп ұзамай арнайы отамен сәбидің денесінен алты ине шығарылған. Ал төрт ине сәбидің өміріне қауіп төндіретін мүшеде орналасқандықтан, оларды алу кейінге қалдырылған.

Сіздің реакцияңыз
1
2
9
4
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel